Жеті ұрлыққа қатысы бар жігіт қолға түсті

Oinet.kz 30-04-2020 635

95382012_882313295577693_1992495213343408128_n.jpg

Сайрам ауданының полицейлері 7 ұрлық жайтына қатысы бар жас жігітті ұстады. Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабаралады.

Сайрам АПБ-не бірнеше жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленуші әйел көше бойында орналасқан дүкенінің ішіне белгісіз тұлғалар сыртқы есігін сындыру арқылы жасырын кіріп, ерлер джинси шалбарын, спорттық шалбарын, балалар аяқ киімін, шоколад-темекілерін, 80 мың теңге тұратын ұялы телефонын ұрлап кеткендігін айтады. Келтірілген шығынның жалпы көлемі 200 мыңға жуық теңгені құрайды. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 188-бабымен тіркелді.

Келесі тұрғын болса, үйінің алдында тұрған көлігінің есіктері құлыптанбай тұрғанын пайдаланған күдіктілер автокөлік ішінен ақшасын, флешкасын ұрлап, 10 мың теңге шығын келтіргенін жеткізді. Үшінші тұрғын да осындай қылмыстың құрбаны болған. Бұл жолы ұры оның көлігіндегі 140 мың теңге тұратын ұялы телефонын жымқырып кеткен. Одан басқа да шағымданушы тұрғынның айтуынша, ұры өзіне тиесілі мекемесіне жасырын кіріп, фабриканың ауласынан 35 мың теңге тұратын қара темірлерін ұрлап кеткен.

Сайрам АПБ-нің қызметкерлері орын алған ұрлық қылмыстарын ашу мақсатында жедел-тергеу тобын құрды. Шұғыл әрекетке көшкен тәжірибелі тәртіп сақшылары қажетті шараларды іске асырды. Қылмысты ашып, күдіктіні ұстау мақсатында жедел іздестіру шараларын жүргізді. Жинақталған ақпарат көздері нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталып, кінәлі азамат тұрғын үйі жағынан ұсталды. Оның бұрын сотты болғаны анықталды. Ол өз кінәсін толық мойындады.

Тергеу барысында күдіктінің жалғасқан ұрлық қылмысын бір өзі жасағаны белгілі болды. Содан, тексеру барысында жоғарыдағыларды қосқанда барлығы 7 ұрлық жайтына қатысы бары айқындалды. Ұрлаған бөтеннің мүліктерін сатып, ақшасын өз қажеттілігіне жаратқан болып шықты. Айғақты заттар тәркіленіп алынып, заңды иелеріне қайтарылды. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысы полицейлері азаматтарға өз мал-мүліктеріңізге сақ болыңыздар деп ескертеді. Қажетінше аулаңызға бейнебақылау камераларын, дабылқақыштарды орнатыңыздар.



Ұлтаралық алауыздықты қоздырған тұрғын ұсталды
Мемлекеттік туды апатты аймақтан алып шыққан полицей ел құрметіне бөленді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу