Мемлекеттік туды апатты аймақтан алып шыққан полицей ел құрметіне бөленді

Oinet.kz 03-05-2020

партиотпол.jpg

Мақтаарал ауданында полиция қызметкері апатты аймақтағы Қазақстанның мемлекеттік туын тастамай алып шықты. Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабаралады.

Мақтаарал ауданы, Фирдоуси ауылындағы мектеп ғимаратының ауласын су басқан тұста Жетісай аудандық полиция бөлімі басшысының қызмет жөніндегі орынбасары, полиция майоры Есімжан Надиров мемлекеттік тудың қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Биік тұғырда ілініп тұрған туды шешіп алып, құрметпен орап, қауіпсіз жерге алып шықты. Тәртіп сақшысының бұл әрекеті әлеуметтік желіде кеңінен таралып, көпшілікті тәнті етті. 

Желі қолданушылары тарапынан «Полицияда патриоттар ғана қызмет атқарады», «Азаматтық», «Туға деген құрмет» деген пікірлер білдіріліп, жедел әрекет еткен майорға алғыс айтушылар көп болды.

Жалпы бүгінгі күні төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен аумақта полиция қызметкерлері күшейтілген тәртіппен қызмет атқаруда. Су басқан аймақтан адамдар мен төрт түлікті құтқару қызметін белсенділікпен атқарып, күні-түні қызмет етуде. Одан бөлек тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, көмек беру қызметтерін де атқарып жатыр.



Жеті ұрлыққа қатысы бар жігіт қолға түсті
Мас халде құжатсыз көлік жүргізген азамат қамалды

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×