Мектепті тонаған ұры 4-5 сағатта қолға түсті

Oinet.kz 06-08-2020 548

устау.jpg

Түркістан облысы әкімдігінің карантин кезінде тіркелген қылмыстардың ізін суытпай ашу туралы тапсырмасын тәртіп сақшылары жауапкершілікпен жүзеге асырып келеді. Соның бірі – полицейлер Мақтарал ауданында  мектептен компьютер ұрлаған жас жігітті ұстады.

Мақтаарал ау д андық Полиция бөліміне аудандардағы мектептердің бірінің директоры, жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша белгісіз тұлға мектепке есіктерін бұзып, терезесін сындыру арқылы кіріп, 3 күн ішінде 2 рет ұрлыққа түсіп, 2 дана компьютерді ұрлап кеткенін жеткізді. Бірінші рет ұрлық болғанда ұрыны өздіктерінен іздеп полицейлерге хабарламағанын, содан 3 күн өткеннен кейін тағы да ұрлық орын алған соң барып, шағымданып отырғандарын жеткізген. Келтірілген шығын көлемі 250 мыңға жуық теңгені құрады. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеліп, СДТТБТ-не енгізілді.

Орын алған ұрлық қылмысын ашу мақсатында ауданның тәжірибелі полицейлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел уәкілдер жақын аймақтарды аралап, бейнебақылау камераларын тексеріп, куәгерлерден жауап алды. Нәтижесінде мектепке тиесілі техникалық құралдарды жымқырған күдіктінің жеке-басын «ізін суытпай» 4-5 сағат ішінде анықтады. Ол жергілікті тұрғын, жас жігіт болып шықты.

Тергеу барысында күдікті жас жігіт мектептің есіктерінің құлпын бұзып, бірнеше терезелерін сындырып, информатика кабинетіне кіру арқылы ұрлаған 2 дана компьютерді үйіне апарып, өзі қолданып жүргені белгілі болды. Қазіргі таңда осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы «ешқайда кетпеу туралы міндеттеме».

Өз кезегінде Түркістан облысы полицейлері азаматтарға өз үйіңізге, мал-мүлкіңізге, басқа да ғимараттарыңыздағы құнды заттарыңызға барынша сақ болуды ескертеді. Аулаңызға бейнебақылау камераларын орнатып, есіктеріңізге сенімді құлыптар, терезелеріңізге темір торлар жасатуға кеңес береді. Мұндай қауіпсіздік шаралары сіздің бағалы заттарыңызға көзі түскен ұрылардың жолын кесетінін ұмытпаңыз.

Полиция карантин тәртібін бұзудың 900-ге жуық жайтын анықтады
Жер әперем деп алаяқтық жасаған адам құрықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу