Жер әперем деп алаяқтық жасаған адам құрықталды

Oinet.kz 06-08-2020 551

image.png

Түркістан облысы әкімінің қылмыстың алдын алу туралы тапсырмасын орындау барысында тәртіп сақшылары жер алып беремін деп алаяқтық жасаған күдіктіні ұстады. Ол сайрам ауданының тұрғыны болып шықты.

Сайрам аудандық Полиция бөліміне Шымкент қаласының тұрғыны арызданып, 2019 жылдың мамыр айында сырттай танысы «Ақбастау ауылынан 1 га суармалы жер алып беремін» алдап әбден сендіріп, алаяқтық жолмен 700 мың теңгеден астам ақшасын алып кеткенін хабарлады. Аталған жайт АПБ-не ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.

Аудандық тәжірибелі полицейлерден құрылған жедел-тергеу тобы тұрғынды арбауына түсірген алаяқты ұстауға қажетті шараларды жасады. Куәгерлерден жауап алу барысында, жинақталған ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке-басы анықталып, ер адам аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Өз кінәсін толық мойындады. Ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Күдіктінің бас шарасы «қолхатта». Қазіргі таңда осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысы полицейлері азаматтарға алаяқтардан барынша сақ болуды ескертеді. Кез келген ұсынысты қабыл алмай, толық тексеріп алыңыз деп кеңес береді. Кезексіз, уақытынан бұрын мәселемді шешемін деп ақша беріп, алаяққа алданып қалмаңыз.

Мектепті тонаған ұры 4-5 сағатта қолға түсті
3 күнде 49 тәртіп бұзу тіркелді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу