Түлкібас ауданы әкімдігінің Жабағылы ауылдық округ әкімінің аппараты

Oinet.kz 20-12-2023 4714

ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (әрі қарай-Департамент) тарапынан "Түлкібас ауданы әкімдігінің Жабағылы ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесімен 2023 жылдың қараша айында https:/www.goszakup.gov.kz/ веб-порталына тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден тәсілімен жарияланған №64010382 «Іс-шараларға қатысуды қамтамасыз ету бойынша қызметтер» мемлекеттік сатып алудың техникалық ерекшеліктерінде әлеуетті өнім берушілерге қойылған талаптарға ақпаратты жинау, қорыту, талдау, жүйелеу және бағалау негізінде осы мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жұмыстары жүргізілген.

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша "Түлкібас ауданы әкімдігінің Жабағылы ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ҚР 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 39 бабы 3 тармағы 45-тармақшасының талаптары сақталмағаны анықталған.  

Жоғарыдағы анықталған бұзушылықтардың негізінде, "Түлкібас ауданы әкімдігінің Жабағылы ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңнамаларының талаптарына сәйкестендіру туралы хабарлама жолданып, бүгінгі таңда ұйымдастырушы тарапынан Департаментің жолданған хабарламасы толықтай және тиісті дәрежеде орындалған.

Түркістан облысы облысы бойынша 

Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 

жетекші маманы маманы А.Панай

Түлкібас ауданы әкімдігінің Жабағылы ауылдық округ әкімінің аппараты
Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық –құтқару жұмыстары қызметі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу