«Мемлекеттік сатып алу туралы» заңнамаларының сақталуына жүргізілген тексеру нәтижесі

Oinet.kz 20-12-2023 4720

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңнамаларының сақталуына жүргізілген тексеру нәтижесі

Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан «Ордабасы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекция бөлімі» мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы»  заңнамаларының сақталуына және Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларының сақталуына аудиторлық іс-шара жүргізілді. Аудит нәтижесінде, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N95-IV Бюджет кодексінің 97 бабының 6-тармағының және ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 04 желтоқсандағы №540 бұйрығының 215-тармағының 6-тармақшасының, мемлекеттік мекеме жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерге сәйкес тауарлардың берілуін, орындалған жұмыстарды және (немесе) көрсетілген қызметті растаудың дұрыстығын қамтамасыз етеді деген талабы сақталмай 9717,0 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды.

Мекемеге анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жіберіліп, анықталған 9717,0 мың теңге қаржылық бұзушылық қалпына келтірілді. 

Бұдан басқа, ҚР ӘҚБтК-нің 207 бабы 11 бөлігімен Мекеме басшысының міндетін уақытша атқарушысы А.Балабиевке 05.12.2022 жылы №1402 хаттамасымен  бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынған. Салынған айыппұлды 06.12.2022 жылғы №234011749352 түбіртегімен бюджетке 153150 теңге төленген. 

Сондай-ақ, ҚР ӘҚБтК-нің 207 бабы 18 бөлігімен Мекеменің басшысы А.Искаковқа 03.03.2023 жылы №169 хаттамасымен екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынған. Салынған айыппұлды 07.03.2023 жылғы №306602089194 түбіртегімен бюджетке 345000 теңге төленген.

Сәйкестік аудиті бөлімінің

бас маман-мемлекеттік аудиторы А. Киикбаев

«Түркістан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі
Тексеру нәтижесінде бұзушылықтар анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу