Түркістандық Мәжіліс депутаттары туған жерге ат басын бұрды

Oinet.kz 25-08-2021 728

Screenshot_15.jpg

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" мақаласында туған жерге ерекше тоқталып өтті. "Басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек. Бұл – қалыпты және шынайы патриоттық сезім, ол әркімде болуы мүмкін. Оған тыйым салмай, керісінше, ынталандыру керек. Жергілікті билік «Туған жер» бағдарламасын жинақылықпен және жүйелілікпен қолға алуға тиіс. Бұл жұмысты өз бетімен жіберуге болмайды, мұқият ойластырып, халыққа дұрыс түсіндіру қажет. Туған жеріне көмек жасаған жандарды қолдап-құрметтеудің түрлі жолдарын табу керек" - деп жазған болатын.

Осы орайда Түркістан облысының тумалары, Парламент Мәжілісінің депутаттары Құдайберген Ержан және Дархан Мыңбай Түркістан Шардара ауданында болды.

"Nur Otan" партиясы атынан сайланған халық қалаулылары Шардара ауданындағы "Хамит" СТК балық өңдеу зауытында болып, өндіріс орнының жұмысымен танысты. Депутаттар балық өңдеу саласындағы технологиялардың құрылымын қарап, оларды дамыту бойынша сөз қозғады.

Сондай-ақ, энергетика саласы бойынша Шардара ГЭС жүргізілген жаңғырту жұмысында болып, электр қуатын өндіруге арналған заманауи тың технологиялардың жұмысымен танысты. Олар энергия өнімділігін арттыру бойынша сөз қозғап, мәселелерді талқылады.

Сонымен қатар, Мәжіліс депутаттары аудандық өлкетану музейінде болып, тарихи экспонаттармен танысты. Музейдің жалпы әлеуеттік жағдайы мен ауданның мәденит саласы талқыланып, бірқатар мәселелер айтылды.

Д.Мыңбай Шардара аудандық "Nur Otan" партиясы филиалының ғимаратында болып, тұрғындарға жеке қабылдау өткізді. 

Халық қалаулысына қабылдауда болыған тұрғындар: газ, ауыз су, тұрғын үйлерді жаңғырту (кондаминиум), туризм саласы, 150 орындық емхана ғимаратының құрылысы және Шардара су қоймасын бекемдеу құрылысы бойынша сауалдар қойды.

Мәжіліс депутаттары іссапар соңында Шардара ауданындағы Республика деңгейінде көтіруде қажет ететін мәселелерді депутаттық сауал ретінде жолдап отыратындығын айтты.


Ұлы Отан соғысы ардагерінің мерейі тасыды
Дархан Мыңбай туған жерінің жай-күйімен танысты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу