Ақын Салтанат Мадиярқызының «Маған әдемі адамдар ұнайды» поэзия кеші өтті

Oinet.kz 12-04-2024 237

12 сәуір күні, сағат 17:00- де А. Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасы «Шам жарығындағы кездесу» поэтикалық жобасының аясында «Күміс қалам» республикалық жобасының лауреаты, Ә. Ботпанов атындағы әдеби сыйлықтың иегері, Шымкент қаласының 2019 жылғы үздік ақыны, «Шахмат» жыр жинағының авторы Салтанат Мадиярқызының «Маған әдемі адамдар ұнайды» поэзия кеші өтті. Сонымен қатар, бұл кеште тағдырлы ақын оқырманмен ашық сұхбат құрып, өлеңдерін оқыды, жанды дауыста әндер орындалды. 

Screenshot_2.jpg

Салтанат Мадиярқызы (8 қаңтар 1996 жыл, Сарыағаш қаласы, Оңтүстік Қазақстан облысы) — қазақстандық поэзия ақыны. Ол Төлеби ауданындағы мектеп-интернатта оқыған. Кентау қаласында арнаулы кәсіптік колледжді, Шымкент қаласында Жібек жолы (SilkWay) халықаралық университетін бітірген. Мамандығы — Экономист. Еңбек жолын отандық өндіріс компанияларында мамандығы бойынша бухгалтерлік қызметтен бастаған. Баспаханаларда редактор-корректорлық қызметтер де атқарған.

Screenshot_1.jpg

Сонымен қатар, мектепте жоғарғы сыныптарда өлең жаза бастаған. Аудандық, облыстық, республикалық мүшәйралардың жүлдегері. Өлеңдері республикалық, облыстық баспасөз беттерінде жарық көрген, "Жаңа ғасыр әуендері" атты жас ақындар антологиясына енген. 2021 жылы "Шахмат" атты тұңғыш өлеңдер жинағы жарық көрген. Әділ Ботпанов атындағы әдеби сыйлықтың иегері. Шымкент қаласының 2019 жылғы үздік ақыны және «Шахмат» жыр кітабының авторы. Бұдан бөлек оның «Жолаушы» эсселер кітабы Түркияда жарық көрді. 

Screenshot_3.jpg

Ақын Салтанат Мадиярқызының кешіне әдебиеттегі әріптестері мен қаламыздың колледж студенттері қатысты. 

А.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасы

Ел ішінде талқыланып жүрген қос «Үкім»: «Бишімбаев ісі – әділеттіліктің барын, не жоғын көрсетпек»
Домбыра маусымы басталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу