Түркістанда шенеуніктер тар қапастағы тіршіліктің қатаңдығын көріп қайтты

Oinet.kz 19-02-2020 1005

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті мен Әділет департаментінің бірлесіп ұйымдастыруымен лауазымды тұлғаларды бас бостандығынан айыру мекемесінің тәртібімен таныстыру жұмыстары өтті.  

0a904324-1efe-41d9-b16f-5e33128e86bd.jpg

Темір тордың арғы жағындағы қатаң тәртіппен Әділет департаментінің басшылығы, ауданаралық әділет басқармаларының және сот орындаушылар бөлімдерінің басшылары мен сот орындаушылар танысып шықты.  

Бұл науқанның басты мақсаты - оңай олжаға құныққан азаматтардың тар қапастағы тыныс-тіршілігімен таныстыру арқылы мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы берік иммунитетін қалыптастыру.    

0de01dba-1a3e-48a2-bcbb-908a121949e2.jpg

Әділет департаментінің 25-ке жуық басшылық құрамы Төлеби ауданындағы ИЧ-167/9 мекемесінің жұмысымен, оның ішінде қамаудағыларды ұстау шарттары мен ішкі тәртіптің қатаңдығын,  сотталушының жататын жері мен цех, асхана, аула сынды жерлерді көріп шықты. 

Жемқорлық көріністеріне жол бермеуді мақсат еткен ұйымдастырушылар лауазымды тұлғаларға көлеңкелі қылмыстың зардабын түсіндіріп, қызмет бабын асыра пайдаланып пара алудың соңы жаза екенін ескертті.

Бас бостандықтың бағасын ұқтырған науқан  барысында Әділет мекемесінің қызметкерлері мұздай қара құлып пен тікенді темір тордың арғы жағындағы қатаң тәртіпті өз көздерімен көріп, жақынынан жырақ күн кешіп жүрген  азаматтардың қателіктерін қайталамау қажеттігін түсінді.

Айта кетсек, Түркістан өңіріндегі бұл жұмыстар жыл соңына дейін жүйелі түрде жүргізілетін болады.  

Келесі таныстыру жұмыстарына облыстық басқарма басшылары, аудан/қала әкімдері, бас дәрігерлер мен мемлекеттік мекеме басшылары қатысатын болады.

Тоныкөк – даңғайыр жырау, данышпан білге, дарабоз қолбасшы
Баға облыс басшыларының бақылауында
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу