Шардара: Тексеріс тиімділігі - дұрыс нәтиже

Oinet.kz 06-08-2020 727

image.png

Қазақстан халқын пандемия тұсында адамдарды сабырлыққа, тәртіпті сақтауға, баға тұрақтылығын сақтауға шақырады. Әринре, осы тұста халық бір ауздан келісіп, өзінің де, өзгенің де басын қатерден сақтап, карантин талаптарна бағынса игі. Дегенмен жалпға бірдей міндеттерге қарс шығып, оған атүсті қарап, карантин талаптарын бұзатындар да жоқ емес. Сол себептідәл қазіргі уақытта еліміздің барлық өңірлерінде жүйелі түрде рейдтік, мониторингтік жұмыстар жиіледі.

Шардарада бүгінде рейдтік тексерулер үдеп тұр. Аудан әкімдігі тарапынан құрылған мобильді топ өкілдері ауылдық округтерде болды. Бұл туралы Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Дүкен, жанармай бекеттері, дүңгіршектер, кафелер және тағы да басқа халық көп шоғырланатын нысандардың карантиндік режимде жұмыс істеу тәртібі бақыланды. Кез келген құқық бұзушылық фактісі немесе карантин талаптарына сай келмейтін фактілер қатаң жазаланатыны, әкімшілік құқық бұзушылық болып айыппұл төленетіндігі де ескертілді.

Нәтижесінде, бірнеше нысандарға ескерту жасалып, бірқатарына акт толтырылды. Ауданда күнделікті күндізгі және түнгі рейдтер жүргізу жұмыстары жалғасуда.

Шардара: Қауындар Ресейге экспортталды
Шардара: Түнгі рейд шарасы жүргізілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу