Шардара: Түнгі рейд шарасы жүргізілді

Oinet.kz 06-08-2020 570

image.png

Шардарада аудан әкімшілігі тапсырмасымен полиция қызметкерлері мен арнайы құрылған мобильді топтың көмегімен бірқатар сауда нысандарына рейд жүргізілді. Осыған дейін  аудан әкімдігі тарапынан құрылған мобильді топтар түнгі рейд жұмыстарын қатаңдатып, тексеріс уақытын жиілеткен болатын. Онда карантин талаптарының сақталуы тексерілді.

Рейдтік тексеріс барысында түнның ортасында жұмыс істеп тұрған балмұздақ дүкеніне ескерту жасалды. Сондай-ақ, дүкенде қолғапсыз қызмет етіп тұрған қызметкерге де алғашқы ескерту жасалып, карантин талаптарына қажетті дезинфекциялық құралдардың барлығы тексерілді.

Естеріңізге сала кетейік, карантин талаптарын бұзу уақытша шектеулерді бұзу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтырады. Әкімішілік құқық бұзушылық кодекстің 476-бабына сәйкес, 10 АЕК, яғни 26 510 теңге айыппұл немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған.

Әділет министі Марат Бекетаев сөзінде карантин бұзғандарға айыппұл бюджетті толықтыру мақсатында салынбайтынын, бюджетті толықтыруға салықтар жеткілікті екенін атап өтті.


Шардара: Тексеріс тиімділігі - дұрыс нәтиже
Шардарада жолдар күрделі жөндеу жұмыстарынан өтуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу