«Ақылды күнбағыс»

Oinet.kz 19-08-2021 1028

1.jpg

Өркениет жетістіктерінің жемісін бүгінде қала тұрғындары ғана емес, шалғайдағы ауыл халқы да көруде. Мәселен жуырда Түркістан облысы Бәйдібек ауданы  Қошқарата елді мекенінде «Ақылды Күнбағыс» ақпараттық-танымдық электронды қондырғы орнатылды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Ерекше қондырғының WI-FI желісінің құпия сөзі: ақын, Абай Құнанбаевтың өмір сүрген жылдары. Құпия сөз ай сайын өзгеріп тұрады. «Ақылды Күнбағысты» Бәйдібек ауданы, Борлысай ауылдық округінің «Қошқарата Береке» қоғамдық қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен, округтің тумасы Мейірлан Қырықбай орнатып берді. Заманауи қондырғы күннен қуат алады. 

Арнайы пернетақта орнатылып, интернет желісіне қосылған. Тегін Wi-Fi және ұялы телефондарды қуаттайтын төрт нүктесі бар. Орнатылған пернетақта арқылы және ұялы телефондарымен тегін Wi-Fi-ға қосылып, интернеттен мектепке және басқа да қажетті мәліметтерді алуға жағдай жасалған. Аталған қондырғының айналасы жарықтандырылып, орындықтар қойылды. Түркістан облысында қамқорлық танытып жатқан жомарт жандар қатары көп. Туған жерді түлетуге үлес қосып жүрген қайырымды жанның қамқорлығына бөленген ауыл тұрғындары алғыстарын жаудыруда. Түлектердің елге деген қамқорлығы жалғасын тауып, жас ұрпаққа үлгі бола берсін. 


Ордабасы ауданында 100 мал бордақылау алаңы ашылады
Грантпен кәсіп ашқандар көбейіп келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу