Балық өсіріп пайда табуда

Oinet.kz 30-08-2022 239

Screenshot_9.png

Түркістан облысы, Келес ауданында  6 айда 36 тонна балық сатқан шаруашылық бар. 2016 жылы отбасылық шағын кәсіп болып ашылған бұл қожалыққа аудандық кәсіпкерлер көмектесіпті. Уақыт өте келе кәсіпкер мемлекеттен қолдау тауып, 9 млн-ға жуық несие алған. Соның арқасында 13 көлде балықтың 4-5 түрін асырап, табысын еселеп отыр. 

Раис Тастанов Келес ауданы, Ақтөбе ауыл округінің тұрғыны. Шағын кәсібі мемлекеттен қолдау тауып, 76 гектар жерге ие болған. Негізі жоспар бойынша мұнда 28 балық асырайтын көл болуы керек, бірақ бүгінде шаруа қожалықтың еншісінде 13 көл бар. Оның 6-уында сатылымға шығатын ірі балықтар болса, 7 көлде салмағы 50 грамнан 500 граммға дейінгі шабақтар өсіріледі екен.

Келес өзенінің ескі арналарынан қазылған бұл көлдер қыста жылы, жазда салқын. Көлдің тұздылығы мен балықтарға қолайлылығын «балық зерттеу инстититуның» мамандары арнайы бекіткен. Балықтардың күтімі де ерекше. Сол үшін мемлекеттен арнайы субцидия тағайындалған. Былтырдың өзінде шаруа қожалыққа балықтардың жемі үшін 3 млн теңге беріліпті. Олардың негізгі қорегі жүгері мен бидай. Тіпті жоңышқа да балықтарға таңсық ас емес. 

Қожалықта тек ірі балықтар ғана бар десеңіз қателесесіз. Мұндағы балықтардан кептірілген тауарлар да жасалынады. Олар арнайы қаптамамен қапталып сатылымға шығатын көрінеді. Сондай-ақ, көлемді балықтар мен шабақтар әр 6 ай сайын саудаланады. Мәселен, жыл басында шаруалар өткен жылы 48 тонна ірі , 2 тонна кептірілген балық пен 80 мыңнан аса шабақтар сатқан. 

Еске сала кетсек, әзірге шаруашылықта жоспарланған 28 көлдің 13-і ғана бар. Кәсіпкер қалған 15 көлді қазу үшін қомақты қаржы қажет дейді. Тіпті өзара келісім жасап қолдау көрсететін жеке кәсіпкерлер болса деген ниеті бар. Егер бұл көлдер қолға алынса қосымша 20-ға жуық жұмыс орны ашылады екен. 

Солтүстік Оңтүстіктің дихандарын шақырады
Келесте тамшылатып суғару әдісі қарқынды дамуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу