Ордабасыда коммуналдық мәселелер шешілуде

Oinet.kz 04-09-2022 231

Screenshot_17.png

Ордабсы ауданының орталығы Темірлан бүгінде жасыл желекке оранған ауыл. Теп- тегіс көшелердің бойында жаңаланған бағаналар, бой көтерген ғимараттар. Барлығы үйлесімді. Ордабасы ауданындағы 57 елдімекенде 123 мыңнан астам халық тұрады.

Қазіргі таңда аудандағы 22 елдімекенде республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға 25 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Айта кететін жәйт, нысандар өтпелі, газдандыру жұмыстары ағымдағы жылы да жалғасады.

Ауданның бес жылдық даму жоспарына сәйкес, елдімекендерді электр жарығымен қамту мәселесі де кезеңімен жүргізілуде. Бүгінде ауылдың жаңдайы жылдан жылға түзеліп келеді , тек еңбектену керек дейді аға буын өкілдері. «Ауылда қазір бос жатқан бір жерді көрмейсің. Барлық жерде егістік бар, жерлер игерліген. Айналымызды өзіміз гүлдендірмесек, тек жалқауланбау керек»,- дейді Ордабасы ауданы Қараспан ауылының тұрғыны Жұмабай Қонысбай.

Бұрын саяжай болып енді ауыл мәртебесіне ие болған Шұбарсу елдімекенінде инфрақұрылыммен кезеңімен қамтылып келеді. Жылдың соңына дейін электр жарығымен қамту мәселесі шешімін табады. Ал келер жылы ауыл 19-шы газ тарату стансасына қосылып, толық газдандырылады деп көзделуде.

Тұрғын үй мәселесіне тоқталсақ. Ауданда 1500 ден астам тұрғын баспана кезегінде тұр. Жергілікті билік бұл түйіткілді босаған пәтерлерді кезектегі түрлі санаттағы азаматтарға үлестіру арқылы шешуге тырысып жатыр. Ал республикалық не облыстық бюджеттен қаражат бөлініп жатса, жобалық-сметалық құжат әзірлеп тұрғын үй салуға да дайын.

Түркістандықтардың басым бөлігі Павлодарға қоныс аударған
Кәсіп ашамын деушілерге мемлекет қолдау көрсетеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу