Кәсіп ашамын деушілерге мемлекет қолдау көрсетеді

Oinet.kz 04-09-2022 249

Screenshot_18.png

Кәсібін дөңгелетемін деген азаматтарға бүгінде үкімет тарапынан қолдау бар. Түрлі мемлекеттік бағдарламалар бойынша дәріс алып кәсібін ашқан азаматтар саны да жыл санап артып келеді. Мысалы, Ордабасы ауданында шағын және орта бизнес өкілдері өлкенің экономикалық дамуына үлес қосып қана қоймай әлеуметтік мәселелердің шешілуіне де үлес қосуда.

Алтынай Күлаева 4 баланың анасы. Бала күтімімен отырған анаға өзі қалаған кәсіппен айналысу мүмкіндігі туды. Алтынайәдың негізгі мамандығы ұстаз. Ол мемлекеттік бағдарламаларды қарап шығып, өзіне жақын бизнес бастау жобасын таңдапты.

Алтынай Кулаева, Ордабасы ауданының тұрғыны: «Мен балабақшада тәрбиеші болып қызмет еттім. Кейін бала күтімімен демалысқа шыққан бойда үйде торт, тәтті нандар пісіріп,  тапсырыс  көп болды. Өйткені Темірланда торт жасайтын цехтар жоқтың қасы еді.  Тәтті нандарды  алғашқыда  үйде отырып  пісіріп саттық. Кейін цех ашып, сосын шағын дүкен аштық».

Жас ана бүгінде жастайынан армандаған тәтті нандар пісіріп көпшілікті қуанту арманына қол жеткізді.

«Кәсіпкерлікті  қолдау қоры қаржылай қолдау көрсетті: 505 мың теңгеге жұмысымды жүргізу үшін цех, дүкенге  жабдықтар сатып алдым. Қазір  жерлестерімді жұмыспен қамтып отырмын. Алдағы уақытта аудан орталығында тағы бір дүкенімізді ашпақпыз. Қазір тапсырыстар көптеп түсіп жатыр. Өндірісімізді кеңейтіп , жерлестерімді жұмыспен қамтамасыз етемін»,- дейді Ордабасы ауданының тұрғыны Алтынай Кулаева.

Кәсібін дөңгелетін деген азаматтар «Бизнес бастау жобасы» аясында кәсіпкерлік негіздер бойынша дәріс алады. Айта кетейік, бүгінде Ордабасы ауданда «Еңбек бағдарламасы бойынша 1470 адам тұрақты, уақытша жұмыстарға орналастырылды. 10 адамға грант берілді. 179 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды. Сонымен қатар ағымдағы жылы 228 адам ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылып, 108 адам жастар практикасы бойынша қызметке жолданды.

Биыл ауданда негізгі капиталға 13,9 миллиард теңге инвестиция тартылды. Күре жолдардың бойында қоғамдық тамақтандыру орындарын ашуға тартылған инвестиция да алдағы уақытта өз жемісін береді деп күтілуде .


Ордабасыда коммуналдық мәселелер шешілуде
Бақшасында лимоны жайқалып тұр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу