Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану туралы ұсыныстар айтылды

Oinet.kz 22-09-2022 353

Screenshot_47.png

«AMANAT» партиясы Кентау қалалық филиалы жанындағы Жастарды қолдау  жөніндегі қоғамдық кеңес мәжілісінде қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Қанат Мұсабаевтың  "AMANAT" партиясының Кентау қаласы бойынша   «ӨЗГЕРІСТЕР ЖОЛЫ: ӘР АЗАМАТҚА ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР!» Сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасының тиісті индикаторларының орындалуы бойынша есебі тыңдалды. 

   Ол кеңес отырысында 

- Жастарды бұқаралық спорт түрлерімен және дене шынықтырумен кем дегенде 45 % қамтылуын қамтамасыз ету. 

-  Жасөспірімдер мен балалар спорт мектептерінің материалдық-техникалық базасын 40 % жеткізу нығайту, 

-  Базарлардағы өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастар үшін футбол, волейбол бойынша турнир ұйымдастыру,  

-  Спорт секцияларын ашу және «балалар үйірмелерін» қайта жандандыру,  

-  Ұлттық спорт түрлерінен (асық ату, ләңгі тебу, тоғызқұмалақ т.б) сайыстар ұйымдастыру

-  Кентау қаласы және оған қарасты ауылдарда талантты, дарынды жастарды қолдау, ұлттық құндылықтардың дәріптелуі

-  Елді мекендердегі кітапханалардың кемінде 50% - ында қайта жаңарту жұмыстарын жүргізу 

- Кентау қаласының көрнекті тумаларын (Ә.Сығай, Р.Сейітметов, Ө.Пайзиев, С.Бәйтереков, С.Мәуленқұлов, А.Әшімов, С.Қожанов және тағы басқа) насихаттау бойынша жылына 4 іс шара өткізу

- Ұлттық бірегейлікті қалыптастыру және ұлттың мәдени кодын сақтау, оның ішінде тақырыптық 5 іс-шаралар өткізу

- Жастар театрын қалыптастыру  мәселелеріне тоқталып кеттіі.  

Кеңес отырысында  қоғамдық кеңес төрағасы Қанат Бекметов модераторлық етіп,  партияның қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Арман Басаров, және кеңес мүшелері қатысты. Кеңестің күн тәртібіндегі мәселелер бойынша кеңес мүшелері тарапынан ұсыныстар айтылып, тиісті қаулы қабылданды.   

 Жиынды қорытындылаған Арман Басаров бөлім басшысы Қанат Мұсабаевқа кеңес мүшелері тарапынан айтылған ұсыныстарды назарға алып,  жұмыс атқару қажеттігін айта келе,   ұсыныстар бөлімге  жолданып, партия тарапынан  бақылауға алатынын жеткізді.

Жемқорлық - дерт, онымен күресу - міндет!
Кентауда кәріз сорғы станциясы жаңаланып жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу