Кентауда кәріз сорғы станциясы жаңаланып жатыр

Oinet.kz 23-09-2022 249

Screenshot_48.png

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Жолдауында бес жыл ішінде халықты 100 пайыз таза ауыз су және кәріз жүйесімен  қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Бұл «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында іске асырылуы тиіс. 

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасының мақсаты - базалық қызметтерге халықтың тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдайды жақсарту әрі тұрғын үй құрылысын дамыту, сондай-ақ көліктік байланысты қамтамасыз ету және елдің көліктік-транзиттік әлеуетін жоғарылату есебінен азаматтардың қолайлы өмір сүру ортасын құру. Бұл үшін өңірлерді дамыту, «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту және «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасында белгіленген бағыттар аталған ұлттық жоба аясына топтастырылған. «Ұлттық жобаны іске асырудың нәтижесінде негізгі қызметтермен, атап айтқанда сумен жабдықтаумен 100 пайыз және кәріз жүйесімен 100 пайыз қамтамасыз ету есебінен өңірлер арасындағы өмір сүру сапасындағы айырмашылық қысқарады деп күтілуде.

Осы ретте Кентау қаладағы кәріз жүйесінде осы сәтке дейін мәселелер туындап, тұрғындар тарапынан шағымдар айтылып келген. Қала басшысы бұл мәселені назарына алғанболатын. енді міне, қала әкімі Жандос Тасовтың тапсырмасымен, 1984 жылы қолдануға берілген «Кәріз сорғы станциясында» құрылғыларды жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Осы сәтке дейін жөндеу жұмысын көрмеген станцияның 4 сорғысы жаңаланып, ішіндегі қажетті құрылғылары ауыстырылды.

Қаладағы Ш.Уәлиханов көшесіндегі он көпқабатты тұрғын үйлердің аумағына жақын орналасқан кәріз жүйесінен шыққан сулардың картасы тұрғындарды мазалап келген. Жағымсыз иістен тұрғындар келеңсіз жағдайларға түсіп келген болатын. Жоғарыдағы жұмыстардың нәтижесінде сулар жиналған 4 картасы жойылып, 5-ші картасын жою шаралары атқарылуда. Карталарды көму жұмыстары аяқталған соң, сол жерден 800м/500 дм екі қатарлы құбыр жүргізілмек. Бүгінгі таңда, тұрғындар жағымсыз иістн арылды. Жалпы, Кентау қаласында кәріз жүйесін қолданушы 15 800 абонент бар.

Сондай-ақ айта кетейік, Кентау қаласы Шұғыла мөлтек ауданының №6,7,8 көшелерінде осы жылы инфрақұрылым жұмыстары бастау алған болатын. Бүгінгі таңда аталмыш көшелерде электр желілері бөлігінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Электр желілерінің жұмыстарымен мердігер мекеме «Теплоэнергострой» ЖШС-мен келісім шарт түзіліп, мердігер тарапынан электр бағаналары орнын бұрғылау жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы «Шұғыла» мөлтек ауданындағы 6, 7, 8 көшелерінде бастау алған инженерлік инфрақұрылым құрылыс-монтаждау жұмыстарының жол бөлігі бойынша бас мердігер мекеме «ПК Шымкентдорстрой» ЖШС-гі анықталып, тиісті жұмыстарды атқаруда.

Сонымен қатар Кентау қаласын табиғи газбен қамтудың 2 кезең нысаны қазан айының 15-не дейін аяқтау жұмыстары жоспарлануда. Қазірті таңда нысанның қысымын тексеру шаралары аяқталып, "КазТрансГаз Аймақ" АҚ-на инжинерлік техникалық құжаттамасы өткізілуде. 

Кентау қаласы табиғи газбен қамту 3 кезең нысаны қыссымен тексеру және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда Шұғыла, Батыс, Болашақ, Жұлдыз мөлтек аудандарында және 67,68 кв қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Ш.Уалиханов көшесі бойындағы 10 көп қабатты тұрғын үйлерді ішкі құбырларын қыссыммен тексеру жұмыстары 80% аяқталды. 

Бүгінгі таңда, Кентау қаласында 3730 абонент "КазТрансГаз Аймақ" АҚ-на техникалық шарт алуға өтініш білдірген. Газды үйлерге қосу бойынша қаладағы Қ.Яссауи 85-ші ғимараттың екінші қабатындағы «Газ шаруашылығы» мекемесінен толық ақпарат алып, құжаттарды өткізуге болады.

Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану туралы ұсыныстар айтылды
Кентауда жыл басынан бері 1004 азамат жұмысқа тартылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу