Қарнақтықтар Жолдауға қолдау білдірді

Oinet.kz 25-09-2022 349

Screenshot_61.png

Қарнақ ауылында  «AMANAT»  партиясы Кентау қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Арман Басаров, Қарнақ БПҰ төрағасы Бекзат Хабибов, Қарнақ  БПҰ-ның мүшелерінің қатысуымен кездесу өтті. Кездесудің басты мақсаты Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ.БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын қолдауға және насихаттауға негізделді.

 Қарнақ БПҰ мүшесі, Қарнақ мектебінің партиялық топ жетекшісі  Мұрат Қамбарбеков баяндама жасап,  Қазақстанның алдында тұрған аса маңызды міндеттердің бірі әртараптандырылған және технологияға негізделген экономика құру.  Сонымен қатар, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» яғни, «Әділетті мемлекет» құру тұжырымдамасы аясында азаматтардың мәселелерін тыңдап, көріп қана қоймай,  дұрыс және әділ шешім шығару қажеттігін жеткізген болатын. Осы тұрғыда сіздер мен біздің атқарар жұмыстарымыз қыруар болмақ - дей келе:  "Қазіргідей күрделі геосаяси жағдайда мемлекеттің ішкі саяси реформаларының орнықтылығы – өте маңызды мәселе. Президент Жолдауындағы жаңа саяси практика, жаңа саяси дәстүр – жариялылық принципіне үлкен көңіл бөлініп отыр. Саяси реформалар бағдарламасында сайлау жүйесін жетілдіру, сайлау үдерісін жаңғырту, партия жүйесін дамыту мүмкіндіктерін кеңейту секілді мәселелер өз шешімін табады. Биыл кезектен тыс Президент сайлауы өтеді. Осы саясы реформалардың қажеттігін бәріміз түсініп жатырмыз. Бұл мемлекетімізге, бәрімізге және тәуелсіздігіміз үшін қажет деп ойлаймын. Өзгерістерді жан-жақтан қолдаумыз керек. Өте күрделі тарихи кезең екенін бәріміз біліп тұрмыз.  «Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік! Мемлекетімізді қорғау – мен үшін аса маңызды міндет. Осы жолда жауапкершіліктің бәрін мойныма алуға дайынмын!», – деп түйіндеді Мемлекет басшысы. Ең бастысы – сол деп есептеймін",- деп сөзін қорытындылады. 

Партия мүшесі Дилдора Хашимова  Жолдауда айтылған 5 бағдар бойынша партияластарына  барынша түсінікті болуы үшін жеке-жеке тоқтала кетті. Сөз соңында, жастарға жасалғалы отырған жағдайларға сүйене келе, жастардың болашағы жарқын екендігін жеткізді. "Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауы мазмұны жағынан бұрынғылардан ерекше. Жолдауда нақты міндеттер мен мақсаттар белгіленді. Яғни, ең алдымен құжатта адам мен оның мүддесіне басымдық берілген. Демек, Жолдау бәрінен бұрын қарапайым азаматтардың мүддесін көздейді. Атап айтқанда, құжатта басты талап ретінде халықтың табысына маңыз берілді. Ең төменгі жалақының 70 мың болып артатынына да ризашлылық танытып отыр. Түптеп келгенде, бұл Жолдауда қарапайым азаматтардың жағдайын жақсарту жайы қарастырылған",- деді Д.Хашимова.

Кездесу соңында  «AMANAT»  партиясы Кентау қалалық  филиалының Атқарушы хатшысы Арман Басаров  Жолдауда айтылған 5 бағдар бойынша ақпараттандыру жұмысын жүргізіп, партияластарды  насихаттау жұмыстарына белсене атсалысуға шақырды. "Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт То­қаев бірнеше жылдың барысында ауқымды өзгерістерді іске асырып келеді. Олардың барлығы қоғамда жинақталған түйткілді проблемаларды, азаматтардың көтеріп жүр­ген өзекті мәселелерін шешуге, халықтың мүддесін қорғауды нығайтуға, әділеттілік принциптерінің мызғымастығын қамтамасыз етуге және отандастарымыздың өмір сапа­сын жақсартуға бағытталған. Бұл процестер Мемлекет басшысы өзі бастама көтеріп ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемле­кет» принципінің жан-жақты орындалып келе жатқандығының айқын көрінісі деп бі­лемін. Біз билік пен қоғам арасындағы тұрақты диалогты қалыптастырушылармыз, сол арқылы азаматтарымыздың лайықты өмір сүруіне жағдай жасауға, олардың құқықтарын қорғауға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге міндеттіміз",- деп қорытындылады. Кездесуге қатысқан БПҰ-ның мүшелері Жолдауды насихаттау мақсатында алдағы жұмыс жоспарларын ақылдасып, түсіндірме жұмыстарының жоғары деңгейде жүзеге асатындығын жеткізді.

Айта кетейік, Қарнақ  бастауыш партия ұйымынының ұйымдастыруымен өткен  жиналыста «AMANAT» партиясы  Кентау қалалық  филиалы Саяси кеңесінің ұсынысымен, Қарнақ БПҰ төрағалығына, жеке кәсіпкер, Қарнақ ауылы өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Хабибов Бекзат Давранұлы ұсынылып, жиынға қатысушылардың дауыс беру нәтижесінде, «AMANAT» партиясының мүшесі Бекзат Хабибов  Қарнақ  БПҰ төрағасы болып сайланды. Аталған ұйымда, жалпы саны 10 – топтық ұйым, 447 партия мүшесі бар.

Жол сапасын тексерді
33 аулаға ойын алаңшасы салынбақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу