33 аулаға ойын алаңшасы салынбақ

Oinet.kz 26-09-2022 352

Screenshot_62.png

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасына сәйкес Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов кезекті қаланы аралау барысында сала басшыларына тазалық бойынша бірқатар тапсырма берді. Бұл бойынша қаладағы Д.Қунаев11,12,14, С.Сейфуллин 114, Қ.Яссауи 112 тұрғын үйлердің тұрғындарымен кездесуде көтерілді. Аулаларды тасталған құрылыс қоқыстары мен қураған талдардан тазартуды тиісті салаға міндеттеді.

Сондай-ақ ауладағы ойын алаңшалардың қажеттілігі мен жолдардың құрылысы сын көтермейтіні айтылды. Бұл бойынша қала басшысы қаладағы 33 аулаға ойын алаңшасын орнату, жолдарды жөндеу шарасы бойынша жоспар барын атап, келесі жылға жүзеге асырылатыны түсіндірді.

Кентау қаласын табиғи газбен қамтамасыз ету бағдарламасына сәйкес, қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің ішінен Қ.Ясауи даңғылы №112 көпқабатты тұрғын үйді пилоттық жобаға енгізіп, бүгінгі таңға әр пәтерге газ жылытқыш қазандықтары орнатылып, аталмыш қазандықтарымен жылу алуда. Сонымен қатар газды ас әзірлеу үшін және ыстық су алу бойынша қолдануда. Алайда тұрғын үйдің газ құбырларынан ахау орнап көгілдір отынның иісі шығатынын айтып тұрғындар шағымданды. Қала басшысы бұл бойынша «Кентау құрылыс» ЖШС-не ретке келтіріп, жөндеу жұмыстарын жасауды тапсырды.

Қала әкімінің қабылдауында болған Хантағы ауыл тұрғыны Д.Ордабаев қарияның өтінішіне орай, Н.Төреқұлов көшесінде орналасқан №5 А.Құнанбаев атындағы білім ордасына қарасты бастауыш мектептің ғимаратын қарады. Тозығы жетіп тұрған шағын мектепте сол аймақтағы 20-ға жуық бала білім алады. Жаңа ғимарат көтеруге бала саны жеткіліксіз болғандықтан, демеушілердің қолдауымен салуды жоспарлаймыз, деді қала басшысы. Сонымен қатар, Хантағы ауыл әкіміне сол аймақтағы көпірді апта ішінде қалыпқа келтіруді тапсырды.

Бүгінгі аралау барысында көтерілген мәселелер мен берілген тапсырмалар келесі сенбіде қайта бақыланатынын ескертті. Сол уақытта қайта тұрғындармен кездесіп, айтылған ұсыныс-пікірлердің орындалу барысы баяндалатынын жеткізді.

Қарнақтықтар Жолдауға қолдау білдірді
IPO туралы ақпарат түсіндірілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу