Жетісайда жарық мәселесі шешілуде

Oinet.kz 21-09-2022 279

image.png

Жетісай ауданында коммуналдық мәселелер кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Әсіресе жарық мәселесі мазалаған елді-мекендер алдағы уақытта "жап-жарық" болмақ.

Жетісай ауданында 113 елді мекеннің 106 елді мекені орталықтандырылған электр желісіне қосылған, тек Орысқұдық, Серікбай, Жорабек, Пірәлі, Жібекші, Қалпақсай, Батырхан секілді құмда орналасқан 7 елді мекен экономикалық тиімсіз болуына байланысты электр желілерімен қамтылмаған.

2022 жылға Жылы су ауылдық округі Жылы су, Баққоныс, Байқоныс елді мекендеріндегі жаңа құрылыстарында электрмен жабдықтау желілерін  салу және КТП орнату құрылысына 54 млн 336 мың теңге бөлініп, «KKS Construction group» ЖШС мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы болып танылып, бөлінген қаржының 50 млн теңгесі игерілді дейді салаға жауапты мамандар.

Одан бөлек Жаңа ауыл ауылдық округіндегі Ынтымақ, Жаңа ауыл және Атақоныс елді мекендеріндегі жаңадан түскен көшелерге электр желілерін жүргізу және трансформатор (КТП) орнату үшін жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеуге жергілікті бюджеттен 2022 жылға 5 126,4 мың теңге қаралып, «Стройтельная группа Архитектор» ЖШС мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы болып анықталған. Қазіргі таңда нысанның жоба-сметалық құжаттамасын сараптамадан өткізу жұмыстары жүргізілуде.

Ал, Абай ауылдық округі Жүзімдік, Алтын кемер, Халықтар достығы, Отан елді мекендеріндегі көшелерге электр желілерін жүргізіп, трансформатор (КТП) орнату үшін жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеуге жергілікті бюджеттен 500 мың теңге қаржы қаралып, «SK Best Spec Stroy KZ» ЖШС тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілуде. Аталмыш нысан 2023 жылға өтпелі.

Сонымен қатар, «SK Best Spec Stroy KZ» ЖШС тарапынан жергілікті бюджеттен қаралған 500 мың теңгеге Жолдасбай Ералиев ауылдық округінің Арай, Абай, С.Сейфуллин, Жетіқазына, Үтіртөбе, Көктөбе, Бәйтерек, Ғ.Мұратбаев елді мекендеріндегі көшелерге де электр желілерін жүргізіп, қажетті трансформаторлар орнату бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Бұл нысан да келесі жылға өтпелі.

Көмекке мұқтаж отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетіліп келеді
Инвестициялық мәдениетін қалыптастыру аса маңызды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу