Ордабасыда марафон өтті

Oinet.kz 25-09-2022 228

image.png

Жалпы халықтың спортпен айналысуы ел халқының сау денелі болуына әсер еді. Сау денелі, сапалы ұлт қана мәңгілік ел мұратын орындай алмақ. Бүгін Ордабасы ауданының орталығы Темірлан елді мекенінде “Ордабасы марафоны” болып өтті.  «Дені саудың-жаны сау» ұранымен өткізілген спорттық шараға аудандағы мекеме қызметкерлері мен ауыл тұрғындары қатысты. 

Орталық алаңда бастау алған шараға аудан әкімі Нұрбек Бадырақов қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Аудан басшысы аталған марафонның тарихына, маңыздылығына тоқталып, аудан тұрғындарын бұқаралық спортпен шұғылдануға шақырды. Сондай-ақ қатысушыларға сәттілік тіледі.

Марафон барысында аудан әкімі түрлі спорт түрлерінен ауданымыдың намысын қорғап, талай байрақты бәсекелерде жүлделі орындардан көрініп жүрген жас спортшыларды құттықтап, жеңіспен оралғаны арнайы алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Марафонға қатысушылар орталық алаңнан бастап бастап, “Қажымұқан” атындағы орталық стадионында дейін жүгірді.  Марафонның жалғасы спорттың 7 түрінен жарыс өткізумен жалғасты.  Атап айтар болсақ: Қол күресі, Гір тасын көтеру,Арқан тарту, Шахмат, Үстел теннисі, Кіші футбол және Волейбол.  Жалпы жарысқа 13 команда қатысып, бақтарын сынады. Спорттық бәсеке түрлері бойынша жекелей және командалық болып өткізілді.

Спорттық жарыста орын алған жеңімпаздармен мен жүлдегерлерге Ордабасы аудандық мәлениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру спорт бөлімі тарапынан арнайы дипломдар, медальдар және бағалы сыйлықтар табысталды.

Мұндай спорттық шаралар бұқаралық спорттың дамуына үлкен үлесін қосады. Қазақстан әлемге қуатты спорттық держева ретінде белгілі. Сол үшін елдегі әрбір азаматтық белсенді түрде спортпен шұғылданғаны оң. Сол үшін Президенттің  жолдауында айтқандай Үкімет пен әкімдер әр өңірде дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуды қолға алуда.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы: "Ұлт денсаулығын бекемдеу мәселесі де өте өзекті. Барлық жас санаты арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттай беру керек. Балалар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық спортты дамыту – пирамидаға айналуы қажет. Оның басына чемпиондар шықса, оның негізінде біз сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз", – дей келе  бұқаралық спортты дамытуға арналған кешенді бағдарлама қабылдау керектігін айтқан болатын. Президенттің осы тапсырмасын орындау мақсатында «Дене шынықтыру мен бұқа­ралық спортты дамыту жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған ке­шенді жоспар» әзірленіп, ол Үкіметтің қау­лысымен бекітілгені мәлім. Қаулыға сай өңірлерде бұқаралық спортты дамыту шаралары жалғасуда. 

Мақсат - халықтың әл-ауқатын арттыру
Түлкібаста заманауи жабық бассейн ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу