Әлеуметтік желі - халық пен әкімді байланыстыратын көпір

Oinet.kz 22-09-2022 252

image.png

Бүгінде ғаламтордың дамыған шағында әлеуметтік желі ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Бұл мәселені Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевта Үкіметтің кеңейтілген отырысына көтеріп, барлық мемлекеттік органдарға халықпен әлеуметтік желіде кері байланысты нығайту бойынша нақты тапсырмалар жүктеген болатын.

Осы орайда, бүгін Түлкібас ауданының әкімі Нұрлан Байғұттың тапсырмасымен аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлімдер мен ауылдық округ, кент әкімдіктерінің жауапты мамандарының қатысуымен «Әлеуметтік желіде халықпен кері байланыс орнату» тақырыбында семинар өтті.

Семинарда аудан әкімі аппаратының бас инспекторы-баспасөз хатшысы Бақытжан Иманбаев  тұрғындар тарапынан өтініш-ұсыныстардың басым бөлігі жарияланатын Facebook және Instagram желісін қолдану тәртібі мен артықшылықтарын түсіндіріп өтті. Қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, әлеуметтік желідегі көтерілген әр мәселенің назардан тыс қалмау керектігі айтылды. "Халықтың қызметінде жүр­ген барлық деңгейдегі басшы­лардың қоғаммен, азаматтармен тығыз байланыста жұмыс істеуі, көпшіліктің, сондай-ақ же­келеген тұрғындардың мұң-мұқтажына, мәселелеріне қаншалықты дең­гейде мән беретіні олардың өз лауазымы құзыретінде атқарып жатқан еңбегінің бір өлшемі іспеттес. Бүгінде халықпен бай­ланысудың бұрыннан қа­лып­тасқан дәстүрлі тетіктерінің бар­лық тарапқа ыңғайлы әрі уа­қыттың ұтымды баламасы саналатын интернет ресурстары, оның ішінде әлеуметтік желілердің түр-тү­рі қолданысқа енгізілген қа­зіргі кезде атқарушы билік өкіл­дерінің халықпен қарым-қатынасының деңгейі олардың аталған желілерді өз қызметінде қолдану белсенділігімен өлше­нетін кезеңге қадам бастық. Билік өкіл­­дері өз құзыреттеріне қа­тыс­ты мәселелерді шешуде, оны қоғаммен талқылауда, аза­мат­тардың қоғамдық түйт­кіл­дердің әсерінен туындап жататын жекелеген талап-тілектерін тыңдауда және басқа да қажетті істерде аталған құралдарды ти­імді әрі ұдайы пайдалануы тиіс. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халық тілегімен үн­десіп жатқан талабының өзегі де осы.",- деді жиында Б.Иманбаев.      

Бүгінгі таңда Түлкібас ауданы әкімдігіне қарасты 15 ауылдық округ, кенттер мен барлық дербес бөлімде Facebook әлеуметтік желісі ашылып, жауапты мамандар бекітілген.   

Түлкібаста заманауи жабық бассейн ашылды
Түлкібаста 673 жер теліміне инфрақұрылым жүргізілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу