Түркістан жайлы үздік вайн анықталды

Oinet.kz 15-05-2019 1135

Screenshot_5.jpg

Түркістанның тарихын танытуға, туризмін дамытуға жастар да ат салысуда. Облыс орталығында   «Түркі Кеңесінің жас көшбасшылар форумы» аясында вайндар байқауы ұйымдастырылды. Халықаралық шараға қатысушы делегаттар арасында өткізілген сайыста 40 қатысушы қатысып, Түркістан туралы шағын видеоларын әлеуметтік желіге жариялаған. Ең көп қаралым жинаған үздік үштікке бағалы сыйлықтар табысталды.

Түркі жастарының достық ынтымақтастығын арттыруға бағытталған форум екі күнге жалғасты. Осы уақыт ішінде келуші делегаттар өңірдің тарихи киелі орындарымен танысып, «Түркістан –Түркі әлеменің орталығы»  атты видео байқауға қатысуға мүмкіндік алды.

«Қатысушыларға жаңарған Түркістан, Түркістанға келуге 5 себеп секілді тақырыптарды қамту керек болатын. Жастардың идеясы мықты. Барлығының еңбегі бағалауға тұрарлық»,- дейді  Облыстық «Жастар ресурстық орталығы»  мекемесінің басшысы  Береке Дүйсебеков. Көне шаһардың бүгінгі келбетін әдемі аша біліп, саясаттауға негізгі себептерін баса айшықтаған 3 бейнеролик түсірген Нұрлан Исиков үздік деп танылды.  Жеңімпаз туған қаласын мақтан ететінін айтып, алдағы уақытта да жастарды қызықтыру мақсатында  шаһар жайлы роликтерді түсіре беретінін жеткізді.

   Шара соңында жеңімпаз бен қатысушыларға ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтар табысталды. 



 




Туристерден түсетін табысты көтеру басты назарда
Тарихи жәдігерлер озық құралдар арқылы туристерге таныстырылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу