Түлкібаста өзекті мәселелер талқыланды

Oinet.kz 10-11-2022 344

56.jpg

Түлкібас  ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Марат Жанесен Түлкібас кенті мен Мичурин ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, көкейлерінде жүрген өтініш-ұсыныстарына құлақ асты. Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Жоспарлы есептік кездесу барысында Марат Сүгірәліұлы ел Президентінің Қазақстан Халқына арнаған соңғы Жолдауындағы айшықтап берген бес басым бағытты кеңінен тарқатып, басты құжатта айтылған көп жылдан бері шешімін таппай келген әлеуметтік мәселелердің шешу жолдарына тоқталып өтті. 

Сонымен қатар, аудан басшысының міндетін атқарушы аталған кент пен округ аумағында тұрғындар тарапынан өткен есептік кезеңдердегі көтерілген мәселелерді шешу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

Басым бөлігі сұрақ-жауап форматында өткен жиын барысында жол, ағын су, ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру, үй кезегінде тұрған азаматтардың өтініштерін қанағаттандыру, ұялы телефон операторларының байланысын күшейту, ескірген электр бағаналарын ауыстыру және банкомат орнату сынды мәселелер көтеріліп, алдағы жұмыс жоспарына енгізілді.

Өткен есептік кездесулерде қос округтің тұрғындары тарапынан көтерілген келесі мәселелер алдағы жылдың бірінші жарты жылдығында іске асады.

Түлкібас кенті, П.Мырзалиев көшесіне орташа жөндеу және жарық шамдар орнату жұмыстары;

Мичурин ауылдық округі Көксағыз ауылы, Бірлік көшесін жарықтандыру және Қожамберді ауылы, Бастау және Битөре көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу. 

Түлкібас аданы әкімдігінің баспасөз қызметі


Төлебиде жарықтандыру жүріп жатыр
Жас кәсіпкерлерге кеңестер берілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу