Сайлау күні қоғамдық пікірге сұрау салуды кімдер жүргізетіні белгілі болды

Oinet.kz 11-11-2022 388

2022 жылғы 10 қарашадағы жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына 7 заңды тұлғадан құжаттардың көшірмелерін қоса, қоғамдық пікірге сұрау салуды жүргізетіні туралы хабарлар келіп түскен. Бұл жөнінде Орталық сайлау комиссиясының ақпараттық сайтында жариялады. 

Screenshot_12.jpg

Олар: 

1. «Қоғамдық пікір» зерттеу институты («Общественное мнение» зерттеу институты) - "face to face" сұхбат сауалнамасы әдісі, телефон сауалнамасы (CATI); 

2. «AMANAT» партиясының «Қоғамдық саясат институты» жеке меншік мекемесі - "face to face" сұхбат сұрау әдісі, дауыс беру күні үй-жайлардан тыс және дауыс беру пункттерінен тыс сауалнама (exit-poll); 

3. «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы - Профильді онлайн платформаны қолдана отырып, "face to face" сұхбат алу әдісі; 

4. «Демократия институты» Ғылыми-зерттеу қауымдастығы - "face to face"сұхбат әдісі; 

5. Астана - Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты ОФ ИКСИ «СОЦИС-А» - дауыс беру күні үй-жайлардан тыс және дауыс беру пункттерінен тыс сауалнама (exit-poll); 

6. Исследовательская группа DAMU RG - CAWI сауалнама әдісі (Computer Assisted Web Interviewing); 

7. «Ашық қоғам» аймақтық  зерттеулер халықаралық институты - дауыс беру күні үй-жайлардан тыс және дауыс беру пункттерінен тыс сауалнама (exit-poll). 

Заңды тұлғалардан келіп түскен хабарлар туралы ақпарат олардың келіп түсуіне қарай Орталық сайлау комиссиясының сайтында жаңартылатын болады.

Сайлауда халықаралық бақылаушыларды акредиттеу мәселелері бойынша есебі тыңдалды
Call-центры на время выборов президента запустят в 4 районах Шымкента
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу