Бірінші вице-министр халықпен кездесті

Oinet.kz 13-04-2023 275

Шымкентке іссапармен келген Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Тимур Сұлтанғазиевпен кездесуге қатысушылар емханаларда тіркелу, амбулаториялық - емханалық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелерін көтерді, сондай-ақ қала тұрғындарын оңалту еміне стационарларға жатқызу және емдеуге жатқызу бюросының порталы арқылы бейінді бөлімшеге пациенттерді ұзақ күту, ересек тұрғындарға стоматологиялық көмектің қолжетімділігі мәселелері қозғалды.

сайт 29 фото.jpg

Жеке қабылдау барысында азаматтар диспансерлік науқастарды дәрілік препараттармен уақтылы қамтамасыз етпеуге, уақтылы диагностикаламауға және диспансерлік есепке алуға қатысты сұрақтар қойды, атап айтқанда жүктілігі бойынша ерте есепке қою туралы сұрады. Шымкент тұрғындары Министрдің бірінші орынбасарына республикалық клиникалар деңгейінде мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге жәрдемдесу, мүгедектік тобын беру және санаторийлік-курорттық емделуге жіберу, онкологиялық диагнозбен емдеуге жатқызу мәселелерімен келді.

Барлық айтылған өтініштер мен сұрақтарға бірінші вице-министр толық жауаптар мен түсініктемелер берді, бейінді департаменттерге жүгінген азаматтарға қажетті жәрдем көрсетуді тапсырды.

Күн соңында Тимур Сұлтанғазиев жергілікті және республикалық БАҚ өкілдерінің жалпы практика дәрігерінің жолдамасынсыз бейінді мамандарды қабылдау тәртібіне, кадр тапшылығын шешу жолдарына, емханаларды медициналық техникамен жарақтандыруға қатысты сұрақтарына жауап берді.

«2022 жылы Шымкент қаласында жалпы өлім-жітім 35%-ға төмендегенін, сондай-ақ қанайналым жүйесі ауруларынан өлім-жітім 21%-ға, обырдан-10%-ға, тыныс алу ағзаларының ауруларынан және туберкулезден өлім-жітім 47%-ға төмендегенін атап өткім келеді. Денсаулық сақтау жүйесіндегі негізгі буын - медициналық-санитариялық алғашқы көмек – бұл халыққа барлық медициналық көмекті үйлестіруге арналған қызмет. Халықтың сұрауы бойынша жалпы практика дәрігерінің жолдамасынсыз консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсету көзделген Амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету қағидалары бекітілді» деді Т.Сұлтанғазиев.



Медицина сапасы артпақ
Мегаполис медицинасының әлеуеті жоғары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу