Мегаполисте медико-фармацевтикалық кластер құрылды

Oinet.kz 10-04-2023 152

Жуырда «Атамекен» ҰКП Төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбеков «Химфарм» АҚ-ға барған іс-сапары барысында республиканың үшінші қаласында медико-фармацевтикалық кластер қолға алынатынын мәлімдеді. Және мұндай қадамның отандық фармацевтика саласы үшін маңызды оқиға екенін атап өтті.

сайт 35 фото.jpg

Яғни Шымкентте дәрілік нысандарды әзірлеумен, оларды өнеркәсіптік өндіріске енгізумен, экстракциялау технологияларын, сапаны бақылау, стандарттау әдістемелерін қолданумен айналысатын инновациялық компаниялар тобынан медициналық-фармацевтикалық жаңа кластер пайда болады.

Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай фармацевтика өнеркәсібіндегі отандық өндірістің үлесін 50 пайызға дейін ұлғайту туралы тапсырма берген-ді. Осыған байланысты Астана, Шымкент және Ақтөбе қалаларында үш Медико-фармацевтикалық кластер құру жоспарланған. Бұл өз кезегінде импортқа тәуелділікті едәуір қысқартып, елімізде ұлттық дәрілік қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Шымкент қаласының медицина мен дәрілік препаттар өндірісінің кластерлігіне таңдалып алынуының басты себебі мұнда өндірістік алаңдар, медициналық және фармацевтикалық жоғары оқу орындары мен қауымдастықтар шоғырланған. 

«Өңірде толық циклді Фармкластер табысты жұмыс істеп жатқаны белгілі, сондықтан Шымкентте Медико-фармацевтикалық кластерді дамыту үшін маңызды артықшылықтар бар. Олардың қатарына білікті кадрларды даярлау жүйесні, өткізу бойынша серіктестерді, сервистік және инфрақұрылымдық қолдауды жатқызуға болады. 2020 жылғы пандемияда қиын жағдайды бастан өткердік. Сонда денсалуық мәселесіне, дәрі-дәрмек қауіпсіздігіне әр мемлекет өзі жауапты екенін түсіндік. Сондықтан отандық фармацевтика өнеркәсібін дамыту елдің ұлттық қауіпсіздігіне пара-пар» деді іс-шараға онлайн қосылған ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасының міндетін атқарушы Лаурра Ахметнияз.


Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға таптырмас ем
Индустриалды аймақтар игілігі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу