Жылулық сыйлаған айрықша іс-шара

Oinet.kz 14-04-2023 318

Қаламыздағы ерекше жандар үшін ерекше күн. Себебі Наурыз мейрамына орайластырылып ерекше жандарға арналған мерекелік іс-шара өтті. Шымкент қаласының әкімдігі мен мәслихатаы және Шымкент қалалық «Азаматтық Альянсы» ЗТБ, Атамекен кәсіпкерлер палатасы. AMANAT партиясының өкілдерінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылған іс шараға «Оған "IamBala" ҚҚ, "Ерекше жол", "Жақсы сиқыршы", "Рахмет саған, анашым" ОМД, "Өркен" ББФ, "Жігер" ҚБ, "Шымкент қаласындағы Мүгедектердің қалалық қоғамы" ҚБ, "Іскерлік қауымдастық" ҚБ қамқорлығындағылар және Шымкент қалалық арнайы мектеп-интернаттарының тәрбиеленушілері қатысты. 

сайт 46 фото.jpg

Ерекше жандарға арналған жиынның негізгі мақсаты оларға жақсы көңіл-күй сыйлау түрлі қорлардың қамқорлығындағы адамдармен кездесіп, пікір алмасу болатын. 

Көрме залы бірнеше секторларға бөлініп, түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Ерекше балаларға арналған шеберлік сағаты, балалардың шығармашылық жұмыстарының көрмесі, суреттер, аппликациялар және қолөнер шеберлерінің бұйымдары көрсетілді. 

Ойын-сауық секторында аниматорлар балалармен жұмыс істеп, түрлі конкурстар ұйымдастырып, балаларға қызықты ойындар ойнатты. Сондай-ақ, жиналғандар концерт алаңында балалар мен даму ерекшеліктері бар адамдардың өнерін тамашалады. 

Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен "ARMAN ALANI "Қазақстандық коалициясы" ЗТБ және Шымкент қаласының «Азаматтық Альянсы» ұйымдастыруымен өтіп жүрген аталмыш іс-шаралардың маңызы зор. 

Ол балалар мен даму ерекшеліктері бар адамдардың шығармашылығын, ізденіс дүниетанымын жан-жақты дамытуда үлкен рөл атқарып келеді. Алдағы уақытта да ерекше жандарға арналған шаралар жалғасын таба бермек.

Бірлестік пен үкіметтік емес ұйымдардың басты мақсаты - халықпен тығыз байланыста болу және үкіметтік емес ұйым қызметіне қолайлы орта қалыптастырып, олардың институционалдық әлеуетін арттыру, азаматтық қоғамның құндылықтарын ілгерілету болып табылады.

 


Инвестиция – игілік көзі
ШЫМКЕНТСКИЙ ИНФЕКЦИОННЫЙ ЦЕНТР СТАЛ ДЕТСКОЙ БОЛЬНИЦЕЙ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу