72 мыңға жуық абонент ауыз сумен қамтылады

Oinet.kz 14-04-2023 174

Қазіргі таңда қаладағы 81 елдімекеннің 78-іне  ауыз су үздіксіз берілуде.  Бүгінде Құрсай 1,2-кезек, Қайнарбұлақ, Сайрам 1,2 және 3-кезек, Еңбекші  жаңа құрылыс аудандарына  су құбырлары жүргізілуде. Жыл соңына дейін 6 нысан пайдалануға беріліп, нәтижесінде 72 мыңға жуық отбасы сапалы ауыз суға қол жетізеді. Қала халқын тіршілік нәрімен қамту көрсеткіші биыл 98,5% - дан 100% - ға дейін артады.

сайт 51 фото.jpg

Шымкент қаласында мемлекеттің инженерлік инфрақұрылымды дамыту бағдарламалары сәтті іске асып жатыр. Мәселен, Шымкент қаласы республикалық мәртебе алған 4 жыл ішінде тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету көрсіеткіші 93 пайыздан 98 пайызға артты

Мегаполисте сапалы ауыз сумен қамту мақсатында 7 нысанда су құбырларын тарту жұмыстары кезең-кезеңімен іске асырылып жатыр. Олар — Құрсай-1 мен 2, Асар-2, Нұртас, Текесу, Қайнарбұлақ шағынаудандары, Еңбекші ауданындағы жаңа құрылыс аумақтары. Тиісті жұмыстар аяқталған соң бұл шағын аудандарда 11 мыңнан астам тұрғын ауыз суға қол жеткізеді.

Жалпы, Шымкентте ауыз суды кестемен тұтынатын тұрғын алаптар саны жыл сайын азайып келеді. Қалада жалпы 81 шағынаудан мен тұрғын алап болса, оның 78-і сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз етілген. Жауапты мамандар 2023 жылы қала халқы таза сумен толық қамтамасыз етіледі деп жоспарлап отыр.

Өткен жылдың қорытындысымен  Құрсай,  Асар-2, Текесу елдімекендері мен Нұртас су жинақтағыш имаратының құрылыс жұмыстары аяқталды. Нәтижесінде қала тұрғындарының сапалы ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 99 пайызға жақындады. Жоғарыда айтылғандай жоспарға сәйкес, Шымкент қаласының тұрғындары 2023 жылы 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамтылады. 

Бұдан басқа, Бадам тұрғын алабының жаңақұрылысындағы - 340 учаскенің, Оңтүстік-Жаңақұрылыста - 989 учаскенің ЖСҚ құжаттары дайындалып жатыр. Бүгінгі уақытта Қарабастау шағынауданында ауызсу құбырларын тарту жұмыстары қолға алынып отыр. Елді мекенді сапалы сумен қамту көрсеткіші 50 пайызға жақындады. 


«Халық жады» акциясы басталды
Тұрандық балалар ойын алаңшаларында ойнайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу