Қайнарбұлақта су, жарық, газ құрылысының жұмыстары қарқынды

Oinet.kz 14-04-2023 138

Бүгінде 60 мыңнан астам халқы бар Қайнарбұлақ елдімекеніне бір мезетте бірнеше инфрақұрылым жүйесі тартылуда. Тұрғындар биыл электр желісімен қамтылып, сапалы ауыз суға қол жеткізеді.

сайт 53 фото.jpg

Маусым айынан бастап 70 шақырымдық электр жүйесінен 3 мыңға жуық абонент сапалы электр қуатына қосыла  бастайды. Қазірдің өзінде жарықтандыру  жұмыстары 95 пайызға аяқталған.

Жыл соңына дейін елдімекенге ауыз су құбырлары тартылып, жергілікті тұрғындар сапалы тіршілік нәріне қол жеткізеді.  Сондай-ақ көшелерге табиғи газ құбырлары жүргізілуде. Нысан келесі жылға өтпелі.

Қайнарбұлақ тұрғын алабын сапалы электр қуатымен қамту құрылысы 2021 жылы басталған. Құрылыс жұмысы толығымен 2022 жылдың соңына дейін аяқталып, пайдалануға берілу жоспарланған болатын.. 

Дей тұрғанмен бүгінде құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. 

Осыған байланысты басқарма тарапынан шалғай елдімекендерді сапалы электр қуатымен қамту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндалды.. 

Қайнарбұлақ тұрғын алабын сапалы электрмен қамту бойынша 3 мыңға жуық электр бағаналары орналытып, ондаған шақырым электр желілері тартылған. 

Құрылыс жұмыстары биыл аяқталып, Қайнарбұлақ тұрғын алабының халқы сапалы электр қуатымен қамтылатын болады. 

Энергетика және инфрақұрылымдық даму басқармасының мәліметінше Мемлекет басшысының тапсырмасымен қала тұрғындарын сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету жұмыстары қала әкімі Мұрат Әйтеновтың бақылауымен жүзеге асырылуда. 2021 жылы «Бозарық» және «1-М-1» қосалқы станцияларының құрылыс аяқталып, пайдалануға берілді. Шағынаудандар мен елдімекендерге электр желілерін тарту сол қосалқы станциялар іске қосылған соң мүмкін болып отыр. Сондықтан биыл Қайнарбұлақ тұрғындары да сапалы электр жарығына қол жеткізеді.

Аталған инфрақұрылымды тарту жұмыстары қала әкімінің шалғай елді мекендердегі инфрақұрылым мәселелерін жүйелеу жөніндегі тапсырмасына сәйкес атқарылып жатыр. 


Тұрандық балалар ойын алаңшаларында ойнайды
Биыл Қаратау ауданында 70 көшеге асфальтталады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу