Мегаполистегі жылыжайлар 209 гектарға артты

Oinet.kz 14-04-2023 180

Соңғы кездері жылыжай шаруашылығына қызығушылық артып келеді. Қазір қала аумағында 209 гектар жылыжай кешені бар, оның 71 гектары өнеркәсіптік жылыжайларға тиесілі. Бұл кешендерде жылына шамамен 17 мың тоннадан астам қызанақ, қияр және басқа да көкөніс түрлері өндіріліп, ішкі және сыртқы нарыққа сатылуда.

сайт 55.jpg

Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен инвестициялық субсидиялау бағдарламасы шеңберінде жылыжай шығынының 25 пайызы  мемлекеттен төленеді. Одан бөлек төмен пайызды несиелеу бағдарламасы да кәсіпкерлерге қолдау болып отыр. Сондай-ақ жылыжайға қажетті тыңайтқыштар мен тұқымдарына да субсидия қарастырылған.

 Еліміздің өзге өңірлері Шымкентті «жылыжайлар астанасы» деп атай бастапты. Оған шымкенттік өнімдердің барлық өңірлерде жылдың төрт мезгілінде де сатылып жатқаны да себеп болса керек. Қаладағы жылыжайлардың өнімдері бүгінде базар, дүкендерде самсап тұр және жыл бойы үзілген емес.

Сондықтан тұрғындарды сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында Шымкент қаласында жылыжай кешендерінің саны мен оған көрсетілетін мемлекеттік қолдау үлесі артып келеді,

Мәселен Шымкенттегі мемлекет тарапынан қолдау тауып, кәсібін дөңгелетіп отырған өндірістік жылыжай кешендерінің бірі Мәртөбе тұрғын алабында орналасқан.

Өз жұмысын бастаған шаруаларға «Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау» бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау көрсетіледі.

Мегаполистегі жылыжай кешені заманауи стандартқа сай келетін және жаңа үлгідегі құрал-жабдықтармен жабдықталып қана қоймай, инновациялық жүйедегі заманауи технологиялармен қамтылған.

Көп жағдайда жылыжайда өсірілетін көкөністер тек экологиялық таза өнімдерден құралады. Оларды өсіруде қолданылатын технология су мен тыңайтқыштарды және басқа да ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік береді.


Тілге құрмет – елге құрмет
«Жайлы мектептердің» инфрақұрылымы талқыға түсті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу