60 мыңға жуық тұрғын кәріз жүйесіне қосылады

Oinet.kz 19-04-2023 363

Бүгінде Шымкент қаласында 81 шағын ауданның 24-і кәріз жүйесімен қамтамасыз етілсе, 57 шағын аудан қамтылмаған.

2023 жылы 10 нысанның құрылыс жұмыстарына 4,8 млрд. теңге бөлінді. 

сайт 69 фото.jpg

8 ішкі орамдық жүйенің оның ішінде Мирас- Шапағат-2, Асар-2, Тассай, Тұран ішкі жүйе, Қайтпас-2, Нұртас, 112 орам, Бозарық 74 га құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Жыл қорытындысымен аталған нысандардың құрылыс жұмыстары аяқталып, 60 мыңға жуық адам кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік алады. 

Нәтижесінде қамту көрсеткіші 60 % - дан 65 % - ға өседі.

Өткен жылы Шымкент қаласының 54 пайызы кәріз жүйесімен қамтылған еді. Сөйтіп бұл көрсеткішті 60 пайызға жеткізу, яғни қосымша 65 мыңға жуық тұрғынды қамту жоспарланып ол мақсат орындалды. Осы межеге қол жеткізу мақсатында 20 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілді. Самал-3, Мирас-Шапағат-2, Ұлағат, Солтүстік-Шығыс, Хлопзавод-Шолохов, Жұлдыз елді мекендері кәріз жүйесі пайда болды. Ал Асар-2, Тассай, Тұран ішкі жүйелері және Достық, Қайтпас-2, Солтүстік-Батыс шағын аудандарын¬да құрылыс жұмыстары қолға алынды.

Сонымен бірге Достықтағы кәріз сор¬ғы стансасы КНС (қайта құру), Арғын¬бековтегі коллектор, Тұрандағы ішкі магистрал, Бозарықтағы 74 гектар аумақ¬тық құрылыс жұмыстары да атап өту керек. Нұртас, Тараз шағын ауданы, Айша бибі көшесі, 112 орам құрылысы да бар. Қаламыздың даму жос¬парына сәйкес, 2022-2025 жылдары кәріз жүйесімен қамту көрсеткішін 75 пайызға жеткізу мақсаты тұр. Арғынбеков көшесінің бойымен Жібек жолы көшесінен бастап №2 коллекторға дейін канализациялық коллектор құрылысы сол жоспарда қарастырылған. Кол-лектордың жалпы ұзындығы 13,1 ша¬қырымды құрайды. Құрылысқа жауапты мердігер мекеме – «Сарыағаш-Аман» ЖШС. Аталған канализациялық коллектор құрылысының нәтижесінде Сайрам, Азат, Тассай, Мирас, Нұртас, Ұлағат, Шапағат, Солтүстік-Шығыс және Самал-3 шағын аудандары коллекторға қосылады. 


Электр қуатымен қамту тұрақты жалғасады
6 нысан пайдалануға беріледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу