Этнос өкілдері: мен қазақша сөйлеймін

Oinet.kz 20-04-2023 365

Шымкентте қазақ тілін үйреніп, мемлекеттік тілде мүдірмей сөйлейтін өзге ұлт өкілдерінің қатары көбеюде. Күні кеше этнос өкілдерінің арасында өткен «Мен қазақша сөйлеймін» атты байқауда қазақшаға судай бірқатар өзге ұлттың жастары таңдай қақтырды. 

сайт 75 фото.jpg

Әсіресе, Ш.Құдайбердіұлының шығармасын жатқа оқыған N42 орта мектептің 8 сынып оқушылары Дильмуратова Маржона, Ахматкулов Асылбек пен N23 мектептің 9 сынып оқушысы Галимов Шамиль қазақша мүдірмей сөйлеп, өз ойларын бүкпесіз жеткізді. 

«Тілге құрмет – елге құрмет» - демекші тіліміздің мерейін көтеру, оны білу әрбір Қазақстандық азаматтың парызымыз. Осыған сәйкес, еліміздегі этнос өкілдерінің де мемлекеттік тілді барынша меңгеруі, оның даму аясын одан сайын арттыра түспек.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы жылы халыққа арнаған Жол¬дауында:  «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қа¬ты¬нас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есеп-теймін» дей келе,   мемлекеттік тіл мұн¬дай дәрежеге жету үшін бәріміз даң¬ғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізу кере¬гін атап өткен болатын. Бұл межелі міндет те қазірдің өзінде қазақ тілін жатық білетін, күнделікті тұрмыста қолданып, мемлекеттік тілдің дамуына өзіндік үлес қосып жүрген этнос жастары арасында қызу қолдау тауып, қарқынды жүзеге асуда. 

Қазақ жері – әр этностың алтын бесігі. Қаймағы бұзылмаған табиға-тымыз, көркем тіліміз, бай тарихымыз және ұрпақтан-ұрпаққа келе жатқан салт-дәс¬түріміз, табиғатымыз – осының бәрі қазақ жерін мекендейтін 130-дан астам ұлт өкілдерін біріктіріп, Отанға деген ыстық махаббатымызды тудырады. Қазақ, орыс, украин, әзербайжан, башқұрт, татар бәрі бірлікте өмір сүріп, этносаралық тұ¬-тастықты сақтауға тырысуда, себебі Қазақстан – бәрінің ортақ үйі.

Мемлекеттік тіл мəртебесі əрбір Қазақстан азаматы үшін қымбат болуға тиіс. Қазақ халқы көптеген ұлттарды қиын-қыстау кезеңде бауырына басып, өз төрінен орын бергені тарихтан белгілі. Ұлты, тілі, діні, салт-дəстүрі басқа деп өзекке теппей, бір атаның ұл-қызындай көрді. Тəуелсіздік алғаннан бері бұл жақсы дəстүр өркен жайып, Қазақстанда тыныстап, тіршілік ететін этностардың татулығы мен бейбіт өмір сүруі соның жемісі деп айтуға болады.


Полиция моделі кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда
Инфрақұрылым жүйелері қатар тартылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу