Жылыжайдан мол өнім алуда

Oinet.kz 22-07-2019 820

Screenshot_11.jpg

Түркістандық Ғалымжан Әлжанов үй іргелік жеті соттык жеріне жылыжай өсіріп, мол табысқа кенеліп отыр. Жылыжай соңғы үлгідегі заманауи технологиямен жарақтандырылған. Тамшылатып суары қондырғысы арқылы суарылады.

Жылажайдан жылына екі рет өнім алатын шаруа, көкөніс өсірудің ең тиімді жолын тапқандығына сенімді.

Жылыжайдың өнімдеріне сұраныс жоғары. Ерте көктемде алғашқы өнімді сатылымға шығарады. Ал шілдеге қарай өнім алудың екінші кезеңі басталады. Қиярға деген қалада сұраныс көп.  Сондықтан шағын ғана жылыжайдың өнімдерін сатып тапқан табыс бір отбасын асырауға жетеді.

Ал жылыжай шаруашылығын дамыту үшін кәсіпкер Ғалымжан Әлжанов көптеген мамандармен кеңесіп, тәжірибе алған.

Жылыжайлар салынып жатқанымен, дамытатын тұстары көп. Жылыжай температурасын бірқалыпты ұстап, өнімді тоңдырып алмау үшін көптеп еңбек ету қажет.  Себебі ішінде жылы ауа сақталған сайын мол өнім алуға мүмкіндікте мол болмақ.

Биылға Ғалымжан қиярдың пикскорд түрін егіпті. Бұл өнім 35-40 күнде жеуге жарамды болады екен. Әзірге шығымы жақсы. Ғалымжан бүгінде үлкен іске белсенді түрде кірісіп кеткен. Бар мақсаты шаруашылықты кеңейтіп, мол табыс табу. 

Түркістанда POS терминалдар шығады
Кесене туристерді тартуда перспективалы туристік бағыттар әзірледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу