Шымкент қаласының әкімі ардагерлермен кездесті

Oinet.kz 02-10-2023 167

Шымкент қаласында ардагерлер қоғам өміріне араласып қана қоймай өз ұсыныс тілектерін қала әкіміне де еркін жеткізе алады. Жуырда қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен кездесті. Жүздесуде 89 жастағы Өркен Әбдіреев қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің назарын «Фосфоршылар» сарайының бүгінгі ахуалына аударды. Тыл және еңбек ардагерінің ұсынысын ескерген қала басшысы нысанға арнайы барып, жағдайымен танысты.  

Screenshot_35.jpg

Аталған нысан – әзірге жеке серіктестіктің мүлкі. Ал серіктестіктің үлесі Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің атына республикалық меншікке тіркелген екен. Осыған дейін қала әкімдігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментімен серіктестіктің жарғылық капиталынан «Фосфоршылар» сарайын мүлік ретінде бөліп шығарып, коммуналдық меншікке беру туралы ұсынысын жолдаған. Қазіргі таңда аталған мәселе бойынша құзырлы органдар тиісті жұмыстар жүргізуде. 

Қала басшысы жауаптыларға осы бағыттағы кешенді шараларды заң шеңберінде жүргізіп, ғимаратты елдің игілігіне пайдалану бойынша нақты тапсырмалар берді. 

Сондай-ақ қала әкімі Ғабит Сыздықбековке Әл-Фараби ауданы тұрғындары басқа да өтініштерін жеткізді. Соның ішінде шахмат ойынын тұрақты ойнайтын 58 және 85 жас аралығындағы қариялардан құралған «Ақ тұлпар» клубының өкілдері қала басшысына ғимарат мәселесін шешіп беруді сұрады. Спортты серік еткен ардагерлер өтініштерін тыңдаған қала басшысы жиыннан кейін қариялармен Орталық саябақта барды. Жүздесу орталық саябақта жалғасып, шаһар басшысы қариялардың айтқан талап-тілектерін мұқият тыңдады. 

Ардагерлер көтерген клуб ғимараты М.Х.Дулати атындағы №8 мектептің күрделі жөндеу жұмыстар жүргізілуіне байланысты бұзылған екен. Қазір клуб мүшелері «Орталық саябақта» орналасқан «Оқушылар сарайына» жиналуда. Қала әкімі шахматшы ардагерлердің ұсыныстарын заң шеңберінде қарастырып, жауаптыларға ғимарат мәселесін жан-жақты қарастыруды тапсырды.

Шымкент қаласының әкімі «Тәуелсіздікке 20 жыл» тұрғын алқабының тұрғындарымен кездесті
Шымкент қаласында темір жол және әуежай терминалдары жаңғыртылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу