Шымкент қаласында кәсіпкерлерге арналған бірыңғай есеп күні өтті

Oinet.kz 03-10-2023 183

Шымкент қаласында кәсіпкерлерге барынша қолдау көрсетіліп келеді. Қала әкімдігі мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасында 9йымдастыруымен қалалық кәсіпкерлер палатасында Бірыңғай есеп күні өтті. Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Сабира Адамбекованың айтуынша, бірыңғай есеп күнін ұйымдастырудағы мақсат – заңнама талаптарын бұзудың алдын алу, кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру.

Screenshot_38.jpg

Аталған бас қосуға Шымкент қаласының әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов пен прокуратура органдары, мемлекеттік қызмет істері агенттігі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ, Шымкент қаласындағы басқа да бақылау-қадағалау органдарының өкілдері мен кәсіпкерлер қатысты.

Бақылау-қадағалау органдары кәсіпкерлер алдында есеп берді және олармен мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі идеяларды талқылады.

- Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Өткен жылдың қорытындысы бойынша «Әкімшілік қысым индексі» рейтингі жасалды. Оған сәйкес, 13 өңірдің көрсеткіші орташа республикалық деңгейден жоғары, бұл әкімшілік жауапкершілікке тартылған бизнес субъектілерінің жоғары үлесін көрсетеді. Еліміз бойынша орташа деңгей – 3,6 пайыз, ал Шымкент қаласында бұл көрсеткіш 2,1 пайызды құрады. Әкімшілік айыппұл салу бойынша елімізде орташа көрсеткіш 26,5 пайыз болса, Шымкентте 17,1 пайызды құрады, ең жоғары көрсеткіш Жетісу облысында – 55,3 пайыз, - деді Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Сабира Адамбекова.

Оның айтуынша, биыл «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылғанына 10 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде Палата түрлі мемлекеттік құрылымдармен нәтижелі ынтымақтастық орнатып, бизнес пен билік арасында тиімді диалог құра алды, 1,4 миллион кәсіпкердің басын біріктірді. Ұлттық палатаға бизнес тарапынан 17,9 мың бизнестен өтініш түсіп, қарау нәтижесінде кәсіпкерлердің 230,2 миллиард теңгесі қорғалды. Кәсіпкерлерге салынатын әкімшілік айыппұлдар 30 пайызға төмендетілген.

Шымкент қаласының әкімі Еңбекші ауданының тұрғындарымен кездесті
Шымкент қаласында ардагерлер бас қосып жиын өткізді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу