Шымкент қаласында Қытай инвесторлары инвестиция құюға дайын

Oinet.kz 08-10-2023 128

Шымкент қаласына инвестиция салуға ниетті шетел компанияларының қатары жылсанап артып келеді. Олардың қатарында Қытайлық инвесторларлар да бар. Жуырда қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Қытай халық республикасынан келген инвесторларды арнайы қабылдады. 

Screenshot_53.jpg

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға, шетелдік инвесторларға қолдау білдіру арқылы отандық өндірісті дамытуға көңіл бөліп отыр. Біз мегополисте кәсіпкерлік пен бизнес саласын дамытуға ниеттіміз. Сондай-ақ инвесторлармен байланыс орнатуға дайынбыз. Сіздермен кездесіп отырғаныма қуаныштымын! Біздің қала Орталық Азияда инвестициялар, технологиялар мен зияткерлік ресурстарды тартудың жаңа орталығы болу үшін зор әлеуетке ие. Сол себепті қызығушылық танытқан инвесторларға әрдайым есігіміз ашық. Бұл ретте Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасымен инвесторларға қолайлы жағдай жасалғанын айтқым келеді, – деді Ғабит Сыздықбеков.

«Қытайдың темір жолы № 3 Инженерлік Корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Луй Кай Шымкентке екінші рет келіп тұрғанын айтып, 2200 жылдық тарихы бар қаланың келбеті көркем екенін атап өтті. 

- Біз де Қазақстан Республикасымен, соның ішінде Шымкент қаласымен жұмыс істеуге ниеттіміз. Өйткені елдегі үшінші мегаполистің дамуы әбден жарасымды. Осы орайда қаланың көркем келбетін арттыра түсу үшін ортақ күш салу мақсатында келіп отырмыз. Біздің мемлекеттік компанияның жобалары үздік, әлемдік бәсекелесте озық тұр. Іске асырған жұмыстарымызды сізге ұсынып, өзара ынтымақтастықты қоқыс қалдықтарын өңдеу жобасынан бастасақ, – деді серіктестік директоры Луй Кай. 

Кездесу барысында қала әкімі қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу зауытын салуға ниетті компания басшысына: «Екі ел арасындағы ынтымақтастық стратегиялық сипатқа ие. Кез келген жоба, ең алдымен, қарапайым халыққа тиімді болуы керек. Сондықтан ұсыныстарыңызды жан-жақты зерделеуіміз керек», деп жауабын берген еді қала әкімі Ғабит Сыздықбеков.  

Кездесу соңында бас директор Луй Кай қарбалас жұмыс барысында қала әкімінің кездескеніне ризашылығын білдірді.

Шымкент қаласында 500 зейнеткерге әлеуметтік қызмет көрсетілді
Шымкент қаласында эпизоотиялық жағдай тұрақты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу