Шымкент қаласында эпизоотиялық жағдай тұрақты

Oinet.kz 08-10-2023 151

Шымкент қаласында ауыл аруашылығы жануарларын күтіп-ұстау, ем жасау шаралары тиісті талаптарға сәйкес жүргізілуде. Сондықтан болар Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Базарбековтың айтуынша, шаһардағы эпизоотиялық ахуал тұрақты. 

Screenshot_54.jpg

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында ауыл шаруашылығы саласына басымдық беру керектігі айтылған. Сонымен қатар ветеринария саласын дамыту арқылы мал ауруларының алдын алу шараларын көңіл бөлініп келеді. Бүгінгі таңда қала аумағындағы 8 сібір жарасы көмінділері топографиялық картаға түсірілген, мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпарат жүйесінде (АИС ГЗК) тіркелген, мемлекеттік актілері алынған, айналасы талапқа сай 5 шаршыметр, 1,5 метр биіктікте бетондалып, арнайы «Сібір жарасы» деген жазуы бар белгілер қойылған. Сондай-ақ 9 мал қорымдарының (биотермиялық шұңқыр (7 типтік үлгіде, 2 қарапайым)) аумағы биіктігі 2 метрден кем емес дуалмен және бөгде адамдар мен қаңғыбас жабайы жануарлар кіре алмайтындай етіп арнайы қақпа орнатылған. Барлық биотермиялық шұңқырлар ветеринариялық талаптарға сай және мемлекеттік акті құжаттары рәсімделген. Шымкент қаласы аумағындағы сібір жарасы ошақтары мен мал қорымдары жер асты су көздері мен су қорғау аймақтарынан алшақта орналасқан. Сонымен қатар аталған ветеринариялық объектілерді су алу қаупі жоқ, - деді басқарма басшысының орынбасары Қайрат Базарбековтың. 

Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы жануарларының аса жұқпалы ауруларына қарсы вакцина егу және ветеринариялық зерттеуге қан сынамасын алу, сырға салып, ветеринариялық паспорт беру, кенеге қарсы залалсыздандыру, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау жұмыстарын «Ветеринариялық қызмет» мемлекеттік каммуналдық кәсіпорны жүргізеді.

Бұдан бөлек, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің бұйрығымен, Шымкент қаласы бойынша биыл аса қауіпті 29 түрлі ауруға қарсы диагностикалық егу жұмыстары жоспарланып, жұмыстар жоспарға сәйкес орындалуда. Атап айтқанда, жыл басынан эпизоотиялық іс-шаралар жоспарына сәйкес, қала аумағындағы 1 045 216 бас ауыл шаруашылығы жануарларына профилактикалық екпе егу жұмыстары жүргізілген. Оның ішінде «Сібір жарасына» қарсы 54 050 бас мүйізді ірі қара, 56 750 бас уақ малға, 10 бас-түйе, 7 000 бас жылқыға, 1 500 бас шошқаға егу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар биыл 19 699 бас уақ малдан, 14 422 бас мүйізді ірі қарадан, 2189 бас жылқыдан, 784 бас шошқадан алынған төлдер сырғаланып, құжаттандырылған. 

Шымкент қаласында Қытай инвесторлары инвестиция құюға дайын
Шымкент қаласында шаһар басшысы Тұран ауданының тұрғындарымен жүздесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу