Шымкент қаласында кәсіпкерлерге «Даму» қоры тарапынан қолдау көрсетілуде

Oinet.kz 11-10-2023 166

Шымкент қаласында шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекет тарапынан қолдау көп. Соның бірі «Даму» қоры арқылы жүзеге асырылуда. «Даму» қорының Шымкент қалалық филалының директоры Ерлан Түктібаевтың айтуынша, аймақтық филиалы арқылы өз жобасын жүзеге асырып отырған бизнес өкілдерінің қатары көбейіп келеді екен. 

Screenshot_5.jpg

Биылдың өзінде филиал кәсіпкерлердің 391 жобасын мақұлдап, 5,7 миллиард теңгеге дейін кепілдік берген. Ол мүмкіндікті пайдасына асырған талапты жандар ойдағы орайлы ісін бастап та кеткен. 

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында кәсіпкерлікті жүйелі түрде қолдауды тапсырғаны белгілі. Бұл бағытта несиеге қол жеткізген, екінші деңгейлі банктердің сүйемелдеуіне ие болған бизнес өкілдері аз емес. Бизнесті қолдау және дамыту бағдарламалары іске қосылған кезден бастап облыста 4523 жоба субсидияланып, несие сомасы 317,3 миллиард теңгеге жетті. Кәсіпкерлердің 3315 жобасы «Даму» қорынан 30 миллиард теңгелік кепілдік алып, жалпы несие сомасы 65,6 миллиард теңгені құрады. Бүгінгі таңда субсидиялармен кепілдіктерге өтінімдер электронды түрде egov.kz онлайн даму сайты арқылы қабылданады. Толық ақпаратты Қонаев даңғылы 95/1 мекенжайына барып алуға болады, – деді Ерлан Түктібаев.

Осыдан кейін филиал басшысы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін бастап, филиал көмегіне жүгініп, бизнесін жолға қойған кәсіпкерлердің жұмысымен танысты. Олар жиһаз өндірумен айналысатын «Шым Снаб 13» компаниясына қарасты кәсіпорынға соқты. Кәсіп иесі Абзал Жапабаев 2015 жылыдан бастап жұмысын бастаған. Қазіргі таңда 25 қызметкерді жұмыспен қамтып отыр.

– Кәсіпорында оқу орындарына арналған жиһаз жасап, оны тұтынушыларға ұсынамыз. Бұл кәсіпті бастамас бұрын «Банк ЦентрКредиттен» жылдық сыйақы мөлшерлемесі 21,75 пайызды құрайтын несие алып, сол қаржыға құрал-жабдықтар сатып алдық. Парталарымыз заманауи технологиямен жасалған, отыруға ыңғайлы,  – деді Абзал Жапабаев.

Кәсіпкер «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасы аясында өз несиесінің сыйақы мөлшерлемесін ішінара субсидиялауға өтініш берген. Қазір кәсіпкер несиенің сыйақы  мөлшерлемесінің 7 пайызын ғана өзі төлейді, қалған 14,75 пайызы мемлекет тарапынан субсидияланып отыр. Абзал Жапабаев арзан несие кәсіпкерлер үшін зор қолдау екенін айтты. 

Мұнан кейін олар «ADAN» жекеменшік мектебіне барды. Бастауыш мектептегі барлық сыныптар мультимедиялық құрылғылармен, кликер, интерактив тақталармен жабдықталған. Бұл сабақты барынша қызықты етіп өткізіп, баланың оқуға деген ынтасын арттыруға мүмкіндік береді. Мектеп директоры Дария Сванова «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасына қатысудың арқасында мектепке негізгі құралдарды сатып алуға «Forte Bank» акционерлік қоғамы арқылы жылына 14 пайызбен несие алған екен. Оның 8 пайызын «Даму» қоры субсидиялаған.

Әрі қарай баспасөз өкілдері кәсіпкер Нүркен Өтегеновтың жұмысымен танысты. Ол «Danico» брендімен балаларға тоқыма өнімдері мен киімдер шығарады. Кәсіпорын «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы арқылы құрал-жабдықтар алу үшін жылына 19,5 пайыбен несие алды. «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасы аясында бұл жобаның да несиесінің сыйақы мөлшерлемесі ішінара субсидиялануда. Қазір кәсіпорын қарызын жылына 6 пайыздық үстемақымен төлейді. 

Шымкент қаласында Ынтымақ-2 шағын ауданына табиғи газ тартылуда
Шымкент қаласында жылыту маусымы кезінде газ тұтыну қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қолға алын
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу