Шымкент қаласында жылыту маусымы кезінде газ тұтыну қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қолға алын

Oinet.kz 11-10-2023 161

Шымкент қаласында жылыту маусымы кезінде қауіпсіздік шаралары күшейтілуде. Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының орынбасары Мәлік Әбдінұровтың айтуынша, осы жылдың басынан бері газ тұтыну қауіпсіздігі жөніндегі заңнамада белгіленген талаптарды бұзғаны үшін 76 жеке тұлғаға айыппұл салынған. Бүгінде қаладағы газ тұтыну қауіпсіздігі бойынша тұрғындарға үгіт-насихат жүйелі түрде жүргізіліп келеді. 

Screenshot_6.jpg

– Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы газ-техникалық инспекция бөлімінің қызметеркелері, аудан әкімдіктері мен аудандық төтенше жағдайлар басқармалары Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығының» еріктілерімен бірге тұрақты түрде қала тұрғандарына газға қатысты қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп отырады. Біз, әсіресе, үйішілік газ жабдығына  техникалық қызмет  көрсетуші мекемелермен келісім-шартқа тұру және тұрмыстық газ баллонын қауіпсіз  пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтау мәселесіне ерекше назар аударамыз. Осы уақытқа дейін 43 кездесу ұйымдастырылып, арнайы әзірленген бейнероликтер таратылуда. Жыл басынан бері 27300 жадынама таратылды. Прокуратура органдарымен бірлесіп іс-шара жоспары түзіліп, жұмысшы топ құрылған. Үйішілік қызмет көрсету мемекемелерімен келісімшарт жасасу міндеттемелерін орындауы бойынша рейдтік іс-шаралар да ұйымдастырылуда, – деді Мәлік Әбдінұров.

Сондай-ақ, «КазТрансГазАймақ» акционерлік қоғамның фронт офисіне келген тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы әзірленген бейнеролик таратылады. Газ бақылаушылар арқылы қауіпсіздік туралы жадынамаларды үйме үй тарату жұмыстары жүйеге қойылып, тиісті жұмыстар атқарылуда.    

Қазіргі таңда Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы  мен прокуратура органдары бірлесе отырып үйішілік қызмет көрсетуші мекемелердің тұғындармен келісім-шарт жасасу жөніндегі міндеттемелерінің орындалуы бойынша рейдтік іс-шаралар ұйымдастыруда.  

Қала тұрғындары өздерінің газ жабдықтарының жарамды техникалық  күйде болуын қамтамасыз ету мақсатында қолданыстағы заңнамаға сәйкес  жылына бір рет үйішілік газ құрылғыларына (жабдықтарына) қызмет көрсету мекемелерімен келісім шартқа тұруы міндетті.

Айта кетейік, қала тұрғындары 109 I-көмек ситуациялық орталығына хабарласып, техникалық қызмет көрсетуші мекемелер бойынша мәлімет алуға, олардың жұмыстарына қатысты сын-ескертпелерді қалдыруға болады.

Үйішілік қызмет көрсетуші мекемелердің (ВДГО) тізімі «I-Shymkent» ақпараттық жүйесіне енгізіліді. Тұрғындардың электронды келісім шартқа тұруға мүмкіншілігі бар.  

Шымкент қаласында кәсіпкерлерге «Даму» қоры тарапынан қолдау көрсетілуде
Шымкент қаласында шаһар көшелері жаңғыртылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу