Шымкент қаласында кілем тоқыма фабрикасының жұмысы жанданып келеді

Oinet.kz 12-10-2023 162

Шымкент қаласында кілем және кілем бұйымдарын шығаратын фабрикасының жұмысы жанданып келеді. Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың айтуынша, шаһардағы кілем және кілем бұйымдарын шығаратын тігін фабрикасы «Назар Текстиль» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жылына 2,3 миллион шаршы метр өнім өндіруге қауқарлы. 

Screenshot_8.jpg

Бүгінгі таңда қалада жеңіл өнеркәсіппен айналысатын 173 кәсіпорын бар. Оның 45 пайызы тоқыма бұйымдарын шығарумен айналысады. 

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға басымдық берген. Президентіміз «Мемлекет қаржылай қолдау жасаған кезде бәсекеге қабілетті шағын және орта бизнес өкілдеріне баса мән береді. Еңбекақы төлеу қорын көбейткен және салық төлемдерін арттырған кәсіпорындарға қолдау көрсетіледі. Бұл – негізгі талап» дейді. Жалпы аймақтағы кәсіпкерлік бастамаларды дамыту мақсатында биыл шаһарда «OTANDYQ KILEM FORUMY» форумын өткізілді. Ол шараның да мегаполисте кілем өндірісінің дамуына ықпал еткенін бүгінде көріп отырмыз, - дейді қала әкімі. 

Қарап отырсақ, соңғы үш жылда тоқыма өнеркәсібінде өндіріс шаһарда 10 пайызға ұлғайған. Ал оған тартылған инвестиция көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 2,3 есеге артыпты.  

Мемлекет басшысының Жарлығымен өңірде мақта-тоқыма кластерін құрып, дамыту мақсатында «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы құрылған болатын. Тоқыма компанияларына салықтық және кедендік жеңілдіктер қарастырылған. Қазіргі таңда қалада жалпы құны 58 миллиард теңгені құрайтын 35 жоба іске асырылуда.  Кәсіпорындарда 2,5 мыңнан астам адам тұрақты жұмыс істеуде. 

- Қаладағы тоқыма саласының көшбасшысы болып табылатын өндіріс ошағының бірі «Назар Текстиль» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. 2014 жылы іске қосылған кілем және кілем бұйымдарын шығаратын фабрика «Оңтүстік» арнайы экономика аймағында орналасқан. Фабрикада 100-ге жуық азамат жұмыс істейді. Заманауи қондырғылармен жабдықталған. Кәсіпорын өнімдері ішкі нарықты сұранысқа қарай толықтай қамтып отыр. Экспорт көлемі де ұлғайған. Фабрика іске қосылған кезеңнен бастап 5,2 миллиард теңгенің өнімін өндірсе, экспорт көлемі жылына 120 млн теңгені құрап отыр. Кәсіпорын өнімдері Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдеріне экспортталады, - дейді Ғабит Сыздықбеков.

Шымкент қаласында шаһар көшелері жаңғыртылуда
Шымкент қаласында жылыту маусымына дайындық барысы пысықталуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу