Шымкент қаласында этномәдени орталық жұмысымен қала әкімі арнайы танысты

Oinet.kz 13-10-2023 145

Шымкент қаласында этномәдени бірлестіктер қалада ұйымдастырылып жатқан барлық іс-шараларға белсене араласуда. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жуырда этномәдени бірлестіктердің төрағаларымен кездесті. Шаһар басшысының айтуынша, бүгінгі таңда мегополистегі 1 миллион 210  мыңнан астам тұрғынның 29,1 пайызын этнос өкілдері құрайды.

Screenshot_12.jpg

Қалалық ҚХА маңайына топтасқан 17 этномәдени бірлестік пен 7 қоғамдық құрылым ел бірлігіне бағытталған жұмыстарға жұмылдырылған.

Алдымен шаһар басшысы «Достық» үйі алдындағы «Қазақ еліне мың алғыс!» монументін көріп, «Бірлік» алаңы мен этномұражай қызметімен танысты.

Қалалық  ассамблея маңайына топтасқан этномәдени бірлестіктердің жетекшілерімен жүздескен қала әкімі бүгінде ассамблея қасиетті қазақ жерін мекен еткен барша этносты ұйыстырып отырған құрылымға айналғанын айтты.

– Бүгін өздеріңізбен кездесу үшін арнайы келіп отырмын. Мұндағы мақсат – алдағы уақытта қала аумағында мемлекеттік этносаясатты сіздермен бірге нәтижелі іске асыру, қоғамдық келісімді сақтауға бағытталған жобаларға ассамблеяны тарту және қаланы дамыту бағытындағы жұмыстарға этномәдени бірлестіктердің әлеуетін жұмылдыру, – деді қала әкімі, қалалық ҚХА төрағасы Ғабит Сыздықбеков.

Кездесуде мемлекеттік этносаясат аясында атқарылатын жұмыстар мен жобалар жайында ұсыныстар айтылды. Қалалық ассамблея мүшелерінің ой-пікірлерін тыңдаған қала әкімі этнос көшбасшыларын Шымкенттің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып, қоғамдық келісімді сақтау бағытындағы жұмыстарды жұмыла атқаруды тапсырды.

Сондай-ақ қалалық корей этномәдени бірлестігінің бастамасымен «Достық үйі»  ғимаратында «Корей этносының мәдениеті күні» іс-шарасы ұйымдастырылып, оған қала әкімі де қатысты. Ол іс-шараға қалалық ҚХА мүшелері, зиялы қауым өкілдері, Қазақстан өңірлерінен келген корей этникалық қауымдастығының өкілдері, қалалық корей этномәдени бірлестігінің мүшелері, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, қалалық «Арофат» мектеп-гимназиясының ұжымы, қала тұрғындары  қатысты.

Мерекелік іс-шарада корей этномәдени бірлестігі жанындағы шығармашылық ұжымдар әзірлеген концерттік бағдарлама ұсынылып, корей этноқауымдастығының өкілдері әзірлеген деректі фильм көрсетілді.

Шымкент қаласының қоғамдық – саяси дамуында жарқын із қалдырған корей этномәдени бірлестігінің белсенді мүшелеріне  Алғыс хаты табысталды.

Шымкент қаласында 72 станция орнатылды
Шымкент қаласындағы Фосфоршылар сарайының аумағы күл-қоқыстан тазартылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу