Шымкент қаласында заңсыз деп танылған құрылыс нысандарына айыппұл салынды

Oinet.kz 17-10-2023 1632

Шымкент қаласында тұрғын үй қырылысы жылсанап жанданып келеді. Қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбековтың айтуынша, шаһар аумағында биыл жалпы 1 074362  шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға қабылдау жоспарланған.

Screenshot_22.jpg

Ал 9 айдың қорытындысы бойынша 559 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берлген. Оның ішінде 186 343  шаршы метрі жеке инвесторлар тарапынан, 42 100 шаршы метрі қалалық құрылыс басқармасы және 161 400 шаршы метрі жеке құрылыс есебінен жүзеге асырылған. 

Сондай-ақ жергілікті атқарушы орган 9 компанияға үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат берген. Олар:  «ЮГ СТРОЙ ИНВЕСТ», «SOUTH KAZAKHSTAN CONSTRACTION», «Берен», «Жас Отау», «Алтын Лэнд», «Шаңырақ», «А.Р.Т. Құрылыс», «OKS-Модерн сити», «PRIME PARK» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Ал қалған 515937 шаршы метр тұрғын үйді жыл соңына дейін қабылдау жоспарда бар.

- Шаһарда заңсыз және заң талабын бұзып салған құрылыстар бойынша мониторинг нәтижесінде қала аумағында жүргізіліп жатқан заңсыз құрылыс нысандарын анықтау мақсатында өзім басқарып отырған басқармада мамандарымен тұрақты түрде мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Жүргізілген мониторинг жұмыстарының нәтижесінде осы жылдың 9 айында 350-ге жуық заңсыз құрылыс нысаны анықталды, - деді басқарма басшысы.

Оның айтуынша, анықталған заңсыздықтарға тиісті шара қолдану үшін, Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына хат жолданған. Жолданған хаттардың негізінде құзырлы мекеме тарапынан тиісті шешім қабылданып, 177 құрылыс нысаны бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 802 бабына сәйкес, 87837675 тенге айыппұл салынған.

Заңсыз деп танылған құрылыс нысандарының басым көпшілігі коммерциялық, қосымша құрылыстар және тағы басқа нысандар. Бұл нысандардың заңсыз құрылыс деп танылуының ең басты себебі – құрылыс нысанына сәулет-жоспарлау тапсырмасын әзірлемеу және нобайына (эскиз) келісім алмауы.

Қазіргі таңда қаладағы заңсыз құрылыстармен күресу жолдарын оңтайландыру мақсатында, мониторинг жүргізу нәтижесінде анықталған нысандар геоақпараттық порталда кезекші картаға енгізілуде.

Шымкент қаласында қайта даярлау курсынан 800 азамат білімін жетілдіруде
Қала әкімі Үндістан Республикасының елшісімен кездесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу