Шымкент қаласында қайта даярлау курсынан 800 азамат білімін жетілдіруде

Oinet.kz 16-10-2023 1681

Шымкент қаласында «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» Ұлттық жобасы шеңберінде мамандарды қайта даярлау курстары ұйымдастырылуда. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтың айтуынша, халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы қайта даярлау курсна оқуға ынта танытқандардың қарасы қалың. 

Screenshot_21.jpg

Атап айтса, қалада «Еңбек мобильділігі» орталығының ұйытқы болуымен 35 жұмыс беруші мекеме 800-ге жуық кәсіби маман даярлауда. Жұмыссыз азаматтар еңбек нарығында сұранысқа ие жиһаз құрастырушы, кең профильді шебер құрылысшы, электрик, дәнекер, токарь, шаштараз, маркетинг-мерчендайзер мамандықтарын тегін меңгеруде. 

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдаудын еліміздің биылғы және алдағы дамуы мен өркендеуінің тыңғылықты түрде әзірленген жоспары деуге негіз бар. Онда қол жеткізген жетістіктеріміз бен шешілуі тиіс мәселелердің бірде-бірі ұмыт қалмаған, қоғамды толғандырып жүрген жағдайлардың барлығының жөн-жобасы айқындалып, оларды оңтайлы шешудің жолдары көрсетілген. Президентіміз экономикамыздың барлық саласын қамти отырып, әр салада атқарылуы тиіс міндеттерді белгілеп берді. Соның ішінде халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласы бойынша да біз өзімізге бекітілген міндеттерді жүзеге асыру бағытында тиісті жұмыстарды атқарып келеміз. Бүгінгі таңда «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясындағы кәсіптік оқытудың ұзақтығы 3 ай мерзімді құрайды. Мемлекеттік қолдау аясында бағдарлама қатысушыларына қосымша шәкіртақы  мен бір реттік материалдық көмек төленеді. Оқу аяқталғаннан кейін бітірушілерге сертификат табысталып, жұмыс берушілер оларды әлеуметтік келісімшарт негізінде жұмысқа орналастыруға міндетті, - дейді қала әкімі.  

Жалпы, мемлекетіміздің әлеуметтік саясатын, соның ішінде Президенттің  Жолдауындағы әлеуметтік мәселелерді іске асыру Шымкент қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы тарапынан негізгі үш бағытта жүзеге асырылуда. Олар: халықты жұмыспен қамту, аз қамтылған отбасыларға жәрдемақылар төлеу, мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету. Мемлекетіміздің ең пәрменді әлеуметтік саясаты өнімді еңбекке ынталандыру және жаңа жұмыс орындарын жасақтау болып табылатындықтан, Президенттің Жолдауларында халықты тұрлаулы жұмыспен қамту мәселелеріне ерекше көңіл бөлініп келеді. 

Шымкент қаласында 569 мың шаршыметр тұрғын үй пайдалануға берілді
Шымкент қаласында заңсыз деп танылған құрылыс нысандарына айыппұл салынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу