Шымкент қаласында 569 мың шаршыметр тұрғын үй пайдалануға берілді

Oinet.kz 16-10-2023 1691

Шымкент қаласында көпқабатты тұрғын үй кешендері бой көтеруде. Қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбековтың айтуынша, биылғы 9 айда 559063 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. 

Screenshot_20.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық экономика құрылымында баса мән беріп отырғаны халықты тұрғын үймен, таза ауыз сумен, көгілдір отынмен, жалпы қала мен ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын көтеру. Яғни, мұның барлығы құрылыс саласымен байланысты екені де белгілі. Бүгінгі таңда қала билігінің алдына қойып отырған межесі – жыл сайынғы тұрғын үй көлемін 2 миллион шаршы метрге жеткізу. Ол үшін құрылыс алаңын бірінші кезекте инфрақұрылыммен дер кезінде қамтуымыз қажет. Бүгінде тұрғын үй кешенін тұрғызу мақсатында құрылыс аумақтары айқындалып, инженерлік жүйелерді жобалау жұмыстары басталған. Жалпы биыл мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 4 445 отбасы баспанамен қамту жоспарланған. 

– Жалпы биыл қала аумағында 1 миллион 74 мың 362  шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға қабылдау жоспарланған. Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша 559063 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға қабылданды. Оның ішінде 186343 шаршы метрі жеке инвесторлардың есебінен салынған тұрғын үйлер болса, 42100 шаршы метрі қалалық құрылыс басқармасының тапсырысы бойынша салынған үйлер.  Сонымен қатар жеке сектордағы құрылыс есебінен 161400 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға қабылданды, – дейді Нұрбол Жүнісбеков. 

Басқарма басысының айтуынша, осы жылдың 9 айында жергілікті атқарушы орган 9 компанияға үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат берген. Оған қоса бүгінде өткен жылы жергілікті атқарушы органнан рұқсат алған 23 құрылыс компаниясы және біріңғай оператордан рұқсат алған 11 құрылыс компаниясы үлескерлердің қаражатын тарта отырып тұрғын үй құрылысын жүргізіп жатыр. 

Қала мегополист санатына өткелі еліміздегі ірі алпауыт компаниялар тарапынан қаланың тұрғын үй нарығына қызығушылықтары артқан. Бұл бір жағынан қаланың сәулеттік көркін жақсартса, екінші жағынан тұрғын үйдің сапасына оңды әсер етуде. Дегенмен мемлекеттік бағдарламадан тыс қалып отырған әлеуметтік санаттағы азаматтар да бар. Шаһар басшылығының шешімімен аталған санаттағы азаматтарды тұрғын үймен қамту үшін «Қамқор» жергілікті тұрғын үй бағдарламасы қабылданған. 

Құрылыс болған соң кемшіліктер де болмай тұрмайды. Қала басшылығы бірінші кезекте сапаға мән беруде. 

Шымкент қаласында интернет алаяқтардан қорғану жолдары айтылды
Шымкент қаласында қайта даярлау курсынан 800 азамат білімін жетілдіруде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу