Түркістан облысында халықты инфрақұрылыммен қамту жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Oinet.kz 23-12-2024 115

Президент тапсырған жаңа экономикалық бағдарымыздың басты басымдықтарының бірі халықтың жайлылығын қамтамасыз ету. Соның қатарында халықты таза ауыз сумен, көгілдір отынмен, жайлы инфрақұрылыммен, жарықпен және жолмен қамту да бар. 

Screenshot_47.jpg

Бұл бағыттағы жұмыстар Түркістан облысында жоспарлы түрде кезең-кезеңмен жүзеге асырылуда. 

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының айтуынша,  бүгінгі күні облыста 2 миллион 97 мың адамның немесе халықтың 97,9 пайызы таза ауыз сумен қамтылған. Бұл 737 елді мекенді құрайды. Биыл қосымша 30 елді мекен жаңадан ауыз су құбырына қосылып, 13 елді мекеннің тозған су жүйелері жаңартылады. Нәтижесінде халықты ауыз сумен қамту деңгейі 98,6 пайызға жетпек. 

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдімекендерді 2025 жылдың соңына дейін таза ауыз сумен қамту туралы тапсырма қойғанын ескерсек, бұл жұмысты алдағы жылы еңсеру мүмкіндігіміз бар. Қазіргі таңда халықты ауыз сумен қамту деңгейі 97,9 пайыздан жыл соңына дейін  98,6 пайызға жетпек. Сонымен алдағы жылы Президентіміз Жолдауында 2025 жылы елді мекендерді таза ауыз сумен қамту жұмыстарын аяқтауды көздеп отырмыз. Бүгінгі күні бұл бағытта аудандарда атқарылған жұмыс көп. Биыл біршама жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі болжам бойынша, жоспарланған таза ауызсумен қамтамасыз ету көрсеткіштері жыл соңында тағы жақсара түспек, - дейді аймақ басшысы. 

Ал табиғи газбен қамту аймақта жоспарға сәйкес жүргізілуде. Мәселен, соңғы екі жылда 187 мың тұрғыны бар 91 елді мекен табиғи газға қосылған. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында елімізде мұнай-газ-химия саласын одан әрі дамыту – маңызды міндет екенін атап өтті. «Орта Азия – Орталық» магистральді газ құбырының елімізге тиесілі 800 шақырымнан астам бөлігін жаңғырту жұмысы өте қысқа мерзімде аяқталды. Газ тасымалдау бағдарларын әртараптандыру және оның қуатын арттыру қажет. Тұрғындарды және экономиканы газбен қамтамасыз ету – Үкіметтің басты міндетінің бірі. Былтыр бірқатар газ кеніші игеріле бастады. Сондай-ақ жылына жалпы көлемі бір миллиард текше метр газ өндіретін жаңа кен орындарын игеру жоспарланып отыр. Әзірге бұл жобалар толық іске қосылған жоқ. Сондықтан газды ішкі нарыққа тиімді бөлу қажет. Жылу электр орталықтарын және қарапайым тұтынушыларды көмір орнына газ жағуға көшіру жұмысын байыппен жүзеге асырған жөн», - дейді Президент Жолдауында. Мемлекет басшысының мұны айтып отырғандағы себебі, бүгінгі күні еліміздегі экологиялық мәселелер өте маңызды. Соның деңгейін табиғи газды пайдалана отырып азайту көзделген. Жалпы, газдандыру жұмыстарын облысымызда  Президент тапсырғандай 2025 жылға дейін толық аяқтау жоспарлануда. Бүгінге дейін атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, газбен қамтылған халықтың жалпы саны 1 миллион 820 мыңға немесе 84,9 пайызға жетті. Көгілдір оттынның игілігін аймақтағы 557 елді мекен тұрғындары, - дейді аймақ басшысы. 

Сонымен жолдауда көтерілген мәселе ауыл халқын қажетті инфрақұрылыммен қамту басты міндеттің бірі. Осы бағытта ауқымды жұмыс жүруде. Президентіміз Жолдауда еліміздегі көлік-логистика секторын дамыту – стратегиялық мәні айрықша басымдық екенін атап өткені белгілі. «Еліміз Еуразия құрлығының дәл ортасында орналасқан. Бұл – бізге әлемдік бәсекеде зор мүмкіндік беретін артықшылық. Сондықтан көлік инфрақұрылымына салынып жатқан әрбір инвестиция өзін-өзі ақтайтыны сөзсіз. Біз кейінгі ұрпаққа жоғары сапалы авто және теміржолдарды қалдыруымыз керек. Сондай-ақ тиімді жұмыс істейтін әуе хабтарын, теміржол бекеттері мен теңіз порттарын салуымыз қажет. Бұл ретте бірқатар кешенді мәселені шешкен жөн» дейді. 

- Мемлекет басшысы Жолдауында «Автокөлік жолдарының жай-күйі – өзекті мәселе. Мен бұл туралы осыған дейін де айттым. Биыл елімізде 12 мың шақырымға жуық жол салынып, жөнделіп жатыр. Қазақстанда мұндай ауқымды жұмыс бұрын-соңды болмаған. Астана-Алматы, Ақтөбе-Атырау-Астрахань, Талдықорған-Өскемен бағытындағы күре жолдарды қайта жаңғырту жұмыстары аяқталып қалды. 2,5 мың шақырымға созылатын облысаралық және ауданаралық жолдарды орта деңгейде жөндеуге арналған бағдарламаның мән-маңызы зор. Дәл осы жолдармен жұрт өте жиі жүреді. Сондықтан бағдарламаның ауқымын кеңейтіп, оған кемінде 10 мың шақырым жолды қамтуды тапсырамын» дей келіп Перзидентіміз алда атқарар жұмысымызды айқындап берді. бұл бағытта облыста көп жұмыс атқарылды. Мәселен, биыл 1161 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жыл қорытындысымен 560 шақырым пайдалануға беріліп, жолдардың нормативті үлесі 94 пайызға жеткізілді, - дейді Дархан Сатыбалды. 

Жылы жүйесімен қамту мәселесіне тоқталар болсақ, құрылғанына 90 жыл болған (1934 жылы) Кентаудағы жылу орталығы 85 пайызға тозған. Осыған орай, орталықты қайта жанғырту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. 6 қазандыққа қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде, бүгінгі таңда 4 қазандыққа қайта құру жұмыстары толық аяқталып, штаттық режимде жұмыс істеуде. 2 қазандықта қайта құру жұмыстарын аяқтауды жоспарлануда. Бұдан бөлек, 2 қазандық ағымдағы жөндеуден өтті. 6,6 шақырым магистралды жылу құбыры қайта жаңартылды. Қазіргі уақытта жылу желілеріндегі температура белгіленген нормативтен де жоғары берілуде.

Аймақ басшысы Дархан Сатыбалдының айтуынша, бүгінгі күні өңірде инфрақұрылым бойынша атқарылған жұмыстардың барысы осы. Барлығы да өзінің бақылауында.

Түркістан қаласында мемлекеттік тіл мәртебесін арттыру жайы сөз болды
Сарыағаш ауданының тұрғындары қаржы вице-министрімен кездесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу