Түркістан – түркі әлемінің келіссөз орталығы
23-04-2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында барлық деңгейдегі әкімдер ел алдында есеп беруде.
Түркістан облысы Сарыағаш ауданына іссапармен арнайы келген Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі Ержан Біржанов аудан тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында қаржы вице-министрі Ержан Біржанов халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру мақсатында қаржы министрлігінің тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, салаға қатысты өзгерістер мен жаңашылдықтар туралы сөз қозғады.
- Президентіміз «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында мемлекет қаржысының тиімді жұмысалып, мақсатты игерілуіне баса мән бергені белгілі. Сонымен қатар қаржыны мемлекетке пайда әкелетін инвестициялық жобаларға салу жайын да назардан тыс қалдырмады. Президент Жолдаудың екінші бағытында «инвестициялық ахуалды және бизнес жүргізуге қажетті жағдайды жақсарту жолында үздіксіз жұмыс істеу маңызды» екенін ерекше атап өтті. «Дүние жүзінде инвестицияға талас өршіп тұрған кезде елге қаржы тарту үшін «дәл осы жерде және дәл қазір» қағидасы бойынша шешім қабылдау – ең қажет шара. Сондықтан Үкімет жанындағы Инвестиция штабына ауқымды құзырет берілді. Бұл қадам металды терең өңдеу, мұнай-газ-көмір химиясы, туризм, энергетика және машина жасау сияқты маңызды салалардағы жобаларды жүзеге асыру қарқынын арттыруға жол ашты. Экономикаға салынған тікелей инвестиция көлемін азайтып алмау үшін осы бағыттағы жұмысты күшейту керек. Кейбір әкімдер мен министрлер инвестор тарту ісіне жөнді атсалыспай отырғанын атап өткім келеді. Үкімет бұл шаруаны ретке келтіруге тиіс» дейді Президент Жолдауында. Президент тапсырғандай бюджеттік қаржылардың жұмсалуын бақылау – атқарушы органдардың маңызды міндеті. Осы бағытта жұмысын үйлестіріп, қызметін жүргізіп отырған Түркістан облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы мен аудандағы бөлімдерінің өзіне жүктелген міндетті талапқа сай орындауымен ерекшеленуде екенін бүгін жұмысынан көріп, таныстық, - деді вице-министрі Ержан Біржанов.
Сарыағаш ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқарма басшысының міндетін уақытша атқарушы Бегзат Абдукаримовтың айтуынша, ауданда экономикалық өсімі 100 паыздан жоғары қалыптасқан. Ол өсім өңірдегі жүргізілген құрылыс, тұрғын үй, сауда, көлік, байланыс салаларындағы өсім есебінен қамтамасыз етілген.
- Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауларында ел экономикасының өсімін, бюджет қаражатының тиімді игерілуін, шағын және орта бизнеске, инвестиция тартуға бөлінгер қаржының мақсатты жұмысалғанын бақылау қажеттігін ескертті. Мемлекет басшысы «Ең бастысы, салынған қаржы ел игілігіне жарауы керек. Бұл талапты нормативтік тұрғыдан бекітіп алу қажет» екенін ескертті. Бүгінгі таңда ауданда кейбір салалар бойынша өсім байқалады. Атап айтсақ, мұндай өсім ауданның негізгі капиталына тартылған инвестициядан байқалады. Ал өнеркәсіп саласында да оң динамика байқалып отыр. Тағы бір атап өтерлігі Президент Жолдауында «Мемлекет қаржысының тұрақтылығын қамтамасыз етудің бірден бір жолы – көрпеге қарай көсілу. Сондықтан бюджет қаражатын стратегиялық маңызы жоқ, аса шұғыл емес шаруаларға оңды-солды шашуды доғару керек. Бюджетаралық қарым-қатынасты да ретке келтіру қажет. Шағын және орта бизнестен түсетін салықты аймақтардың өзінде қалдыру дұрыс әрі уақтылы қабылданған шешім болды. Бұл қадам кәсіпкерліктің дамуына едәуір серпін берді. Сонымен қатар әкімдердің дербестігін арттырды. Алайда кейбір әкімдер қосымша кіріс көзіне ие болған соң, оны елге пайдасыз іске шашып, тиімсіз жұмсайтын болды. Аса маңызды емес міндеттер мен жобаларға қаржы бөле бастады. Үкімет бюджет тапшылығының орнын толтыратын қаржы көзін табу үшін тиімді компенсациялық тәсілдер ойластыруы қажет» дей келіп, ішкі капиталды дамытуға көңіл бөлді. Бұл өз кезегінде өз тиімділігін көрсетуде, - дейді Бегзат Абдукаримов.
Президентіміз Жолдауында ұлттық қордың қаражатын, ең алдымен, мемлекет мүддесі үшін, яғни еліміздің стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру үшін пайдалану қажет екенін айтты. «Ұлттық қор шетелдік қаржы институттарына қызмет етпеуі керек. Ұлттық қор – ұзақ мерзімге арналған макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететін аса маңызды құрал. Сондықтан оны тиімді басқару қажет» екенін айта келіп, жеке инвестициялар тарту арқылы іскерлік белсенділіктің артуына қолайлы жағдай жасаған жөн екенін жеткізді. Президент тапсырған тапсырмалар жергілікті жерде талапқа сай орындалып жатқанын Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев та атап өтті.
Кездесу барысында қаржы вице-министрі Ержан Біржанов халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру мақсатында қаржы министрлігінің тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, салаға қатысты өзгерістер мен жаңашылдықтар туралы сөз қозғады. Сонымен қатар, вице-министр 2024 жылы республикалық бюджеттен Сарыағаш ауданын дамытуға бөлінген қаражат туралы атап өтті.
Жиында аудан тұрғындары вице-министрге салаға қатысты сауалдарын жолдап, өз ұсыныстарын жеткізді. Тұрғындардың мәселелеріне заң шеңберінде толыққанды жауап берілді.