Шымкентте Қарлығаш Қансейіттің көрмесі қойылды

Oinet.kz 23-10-2025 47

Шымкенттік өнерсүйер қауым А.С.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапхананың көрме залында талантты суретші Карлығаш Қансейттің көрмесін тамашалады. 

Screenshot_19.jpg

Карлығаш Қансейттің – ҚР Суретшілер одағының, МНЖФХ «Таң Шолпан», Суретші-педагогтар одағының мүшесі, Ы. Алтынсарин төсбелгісімен, «Қазақстан мәдениетінің үздігі» атағымен марапатталған. Оның картиналары Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Солтүстік Кипр және Ресей мұражайларында сақтаулы. Көрменің ашылу салтанатына А. С. Пушкин атындағы кітапхананың директор орынбасары Злиха Ережепқызы Пернебекова, ҚР Суретшілер одағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Абдумуталип Мұстафаұлы Ахметов, ҚР Суретшілер одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Құрал Арынұлы Косұақов, А. Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжінің өкілі Талғат Смайылұлы Боребаев қатысты.

Талантты суретшінің шығармашылығына өз көзқарастарын ҚР Суретшілер одағының мүшелері Аманат Назарқұл мен Шахарбану Әлімқұлова, суретші Ерғали Шамши, этномузей директоры Кендебай Қарабдалов және өнертанушы Жадыра Дәулбай білдірді. Залда шынайы жылы да шабытты атмосфера орнады: суретшінің қасында әріптестері, ұстаздары, шәкірттері мен достары болды.

Қансейт Қарлығаш Ә. Қастеев атындағы Шымкент көркемсурет мектебін тәмамдаған. 1993 жылдан сол өзі оқып, түлеп ұшқан мектебінде сабақ береді. 1995 жылдан Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі. Халықаралық, республикалық және қалалық көрмелердің қатысушысы.

Суретшінің әрбір картинасы – бір тарих. Табиғаттың көркемдігі, қазақ тұрмысының жылы атмосферасы және балалық шақ тақырыптары Қарлығашты көркем композициялар жасауға шабыттандырады. Оның «Текелі», «Қызылаймақ», «Сайрам сулары» және «Таң» сынды туындыларында туған өлкесінің табиғи сұлулығы түстердің тазалығы мен жарқырауы арқылы айқын көрініс табады. «Ана», «Мадина», «Балалық шақ», «Бақта» және «Су қасық» атты жұмыстарында күнделікті сәттердің қуаныш энергиясы сезіледі. Қарлығаштың кескіндемесі оның әлемді жеке қабылдауына негізделген, мұнда өткеннің бейнелері қазіргі заманмен үйлесімді өріліп, көрінеді. Түстік және композициялық шешімдері, сондай-ақ бейнелеу техникасындағы тәжірибелері суретшінің өзіндік әлемін айқын әрі ықшам жеткізуге деген ұмтылысын көрсетеді.

Кеш келушілерге ерекше әсер сыйлап, әрбір картинадағы ұлттың танымы мен түйсігі, ұлттық рух ерекше сезім сыйлады. Қарлығаш Қансейіт өз шығармашылығы арқылы қазақ бейнелеу өнерінің заманауи дамуына үлкен үлес қосып келеді. Оның картиналары әртүрлі көрмелерде жоғары бағаланып, жеке коллекциялардан орын алған.

«КІТАП time - 2025»: 100 кітапты оқырманмен бірге талқылауда
«Оңтүстікте қуғын-сүргінге ұшыраған алаш зиялыларының тағдыры»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу