Жолдауды экономика саласында түсіндіру бойынша ведомствоаралық кеңейтілген жиын өтті

Oinet.kz 08-12-2025 14

    Бүгін Шымкент қаласында Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген басым бағыттарды экономика саласы тұрғысынан талқылау және халыққа түсіндіру мақсатында мемлекеттік басқармалар өкілдерінің қатысуымен арнайы жиын өтті. Іс-шараны Қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы ұйымдастырды.

image.png

Кездесуде жаңа экономикалық саясаттың негізгі бағыттары, оның ішінде халықтың әл-ауқатын арттыру, тұрақты жұмыс орындарын құру, инвестициялық ахуалды жақсарту, цифрландыру үдерістерін жеделдету және шағын және орта бизнесті қолдау шаралары жан-жақты сөз болды.

Басқарма мамандары ел экономикасын әртараптандыру, инновациялық жобаларды дамыту және бюджет қаражатын тиімді жоспарлау тетіктері жөнінде нақты мәліметтер берді. Сонымен қатар, Жолдауда көтерілген әлеуметтік-экономикалық реформалардың өңірдің даму динамикасына әсері түсіндіріліп, қатысушылардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды және басқармалар арасында бірге қарастыру, түсіндіру және іске асыру жолдары айқындалды.

«Биылғы Жолдауда тек қана цифрлық жүйені енгізу, жасанды интеллект емес, әр салаға қатысты нақты міндет қойылды. Өңдеу өнеркәсібінің көлемін арттыру, инвестиция тарту, әлеуметтік сала, адами капиталды дамыту мәселелері бар. Сол бойынша сіздерді жинап отырмыз. Негізгі мақсат – әр сала бойынша сіздерде жаңа бастамалар, ұсыныстар болса, соны ортаға салып талқылау. Президентіміздің алға қойған міндеттері – мемлекетіміздің жаңа дәуірдегі дамуының берік іргетасы. Бұл мақсаттарға жету үшін әрқайсымыз табандылықпен еңбек етіп, елдің игілігіне үлес қосуымыз қажет»,- деді Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Құдірет Жүсіпов. 

Инвестициялық саясат пен қаржы секторын дамыту — маңызды бағыттардың бірі. Соңғы 3 жылда қала экономикасына 2 триллион  теңгеге жуық инвестиция тартылып, жыл сайын 12–15 пайыз өсім көрсетуде. Жыл басынан бері инвестиция көлемі 585  миллиард  теңгеге жетті. Оның 73 пайызын жеке инвесторлар құрап отыр.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мамандары бюджет шығыстарын оңтайландыру, қаржылық жоспарлаудың жаңа тәсілдері және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралар жөнінде егжей-тегжейлі баяндама жасады.

Жиын барысында қатысушылар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер ететін нақты факторларды талқылап, Жолдаудан туындайтын міндеттерді уақытылы орындау үшін ведомствоаралық іс-қимылды күшейту қажеттігін атап өтті. Мемлекеттік органдар өкілдері өз салалары бойынша ұсыныстарын ұсынып, алдағы жұмыс жоспары бойынша ортақ келісімге келді.

 «Президентіміздің әрбір Жолдауы ел дамуының нақты бағытын айқындап, халықтың болашаққа деген сенімін нығайтады. Мемлекет басшысы өз Жолдауында еліміздің экономикалық өркендеуіне, әлеуметтік тұрақтылығына, ғылым мен технологияны дамытуға, әділетті қоғам орнатуға қатысты өзекті мәселелерді көтерді. Президент жүктеген міндеттердің барлығы – халқымыздың тұрмыс сапасын арттыруға, мемлекетіміздің қуатын күшейтуге бағытталған. Жолдауда Президент ел дамуының негізгі бағыттарын қозғады. Инвестициялық саясат және қаржы секторын дамыту, өнеркәсіптік қаңқаны нығайту (өңдеу және тау-кен өнеркәсібі), ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа серпіні, көлік-логистикалық және туристік әлеуетті іске асыру, ТКШ және су инфрақұрылымын жаңғырту, кәсіпкерлік экономиканы дамытудың қозғаушы күші ретінде, адами капиталды дамыту – бәрі де басты назарда болады.  Қазіргі таңда қаламызда арнайы экономикалық аймақты субзона ретінде кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мемлекет басшысы айтқан аэрохабты дамыту мақсатында 204 гектар әуежай аймағы арнайы экономикалық аймақтың субзонасы ретінде анықталып, қаулы шығарылды. Қазір әлеуетті инвесторлар бар. Президент атап өткен ең негізгі мәселелердің бірі – елімізге қомақты инвестиция тарту. Бұл – экономиканың тұрақты дамуы мен халықтың тұрмыс сапасын арттырудың басты тетігі. Мемлекет басшысы атап өткендей, инвестиция тарту тек орталық органдардың ғана емес, жергілікті атқарушы биліктің де тікелей міндеті болып отыр»,- деді өз сөзінде Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Ермек Тұрманов.

 Талқылау мегаполистің экономикалық дамуының басымдықтарын анықтап, барлық күштерді біріктіруге арналған маңызды алаң болды. Кездесу Жолдаудағы экономикалық реформаларды жүзеге асырудың нақты тетіктерін түсіндіруге бағытталды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл сайынғы Жолдауы жаһандық цифрлық трансформация жағдайында Қазақстанның нақты даму векторын бел¬гілейді. Ел агроөнеркәсіптік кешен мен өнеркәсіптен бастап көлік, туризм және ТКШ-ға дейінгі барлық негізгі салаларға жасанды интеллект пен инновациялық технологияларды интеграциялауға бәс тігуде.

Азық-түлік қауіпсіздігі мен инновациялық дамудың драйвері ретінде аграрлық секторға, сондай-ақ адами капиталға ерекше назар аударылады, онсыз ауқымды міндеттерді іске асыру мүмкін емес. Осылайша, Жолдаудың стратегиялық басымдықтары тұрақты, бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыруға, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға және Қазақстанның әлемдік аренадағы ұстанымын нығайтуға бағытталған.

Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасына, 2025 жылдың соңына дейін инвестиция көлемін кемінде 850 миллиард теңгеге жеткізу, өнеркәсіп өнімін жыл соңына дейін 1 триллион  теңгеден асыру, шағын және орта бизнестің үлесін қала экономикасында 46,3 пайызға дейін жеткізу міндеттелді. Ал, Цифрландыру басқармасына «Smart Shymkent» жол картасы шеңберінде пилоттық шешімдерді іске қосуды, жалпы цифрландыру бағытында жүзеге асырылатын жобалар санын кемінде 20-ға жеткізу тапсырылған болатын. 

Кездесу соңында жауапты мемлекеттік басқармалар Жолдауда белгіленген экономикалық басымдықтарды іске асыруды тұрақты бақылауда ұстайтындарын және белгілеген шаралардың нәтижелілігін қамтамасыз ету үшін өзара тығыз ынтымақтастықты жалғастыратынын мәлімдеді.

Патриотическое воспитание на примерах жизни фронтовиков
Қала әкімі жолайрық құрылысының жобасын тексерді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу