Қала әкімі жолайрық құрылысының жобасын тексерді

Oinet.kz 09-12-2025 14

Шымкент қаласында көлік қозғалысын оңтайландыру, жол қауіпсіздігін арттыру және қала ішіндегі транзиттік ағындарды бөліп тарату мақсатында бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда. Соның ішінде көптен бері тұрғындар күткен жаңа жолайрықтардың құрылысы қарқын алып, негізгі магистральдарда көлік жүктемесін айтарлықтай азайтуға мүмкіндік бермек.

image.png

Осы ретте   қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Қаратау ауданындағы Бәйдібек би даңғылы мен Төлеметов көшесінің қиылысында салынатын жолайрық құрылысының жобасымен танысты. Жоба көлік жүктемесін азайтуға, өткізу қабілетін арттыруға және жол қауіпсіздігін жақсартуға бағытталған. 

Мамандардың айтуынша, жолайрық құрылысы аяқталғаннан кейін қала бойынша көлік қозғалысының орташа жылдамдығы артып, таңертеңгі және кешкі уақыттардағы негізгі көшелердегі кептеліс шамамен 20–30 пайызға төмендейді. Сонымен қатар жаңа нысандар логистиканы дамытуға, өндіріс аймақтары мен тұрғын аудандардың байланысын жақсартуға оң әсер етеді және қатысушыларға ыңғайлы жағдай жасауға мүмкіндік туады.

Бұдан бөлек, бүгін тасымал инфрақұрылымын дамыту аясында Шұбаркөл көшесінің Өтегенов көшесінен Қазиев көшесіне дейінгі учаскесі мен Қазиев көшесінің Шұбаркөл көшесінен Арғынбеков көшесіне дейінгі учаскесінде қозғалыс ашылды. Жаңа учаскелер көшелердің байланысын жақсартып, параллель көшелердегі көлік ағымын реттейді. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына жаяу жүргіншілер жолы мен көрші аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру жұмысын аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ Алтынсарин көшесінің реконструкциясын тексерді. Көше жолақтарын екі жолақтан төрт жолаққа дейін кеңейту шағынаудандар арасындағы көлік қолжетімділігін арттырады және Бәйдібек би даңғылындағы жүктемені төмендетеді.

Сондай-ақ, шаһар басшысы  Алтынсарин көшесінің реконструкциясын тексерді. Көше жолақтарын екі жолақтан төрт жолаққа дейін кеңейту шағынаудандар арасындағы көлік қолжетімділігін арттырады және Бәйдібек би даңғылындағы жүктемені төмендетеді.

Әрі қарай Ғабит Әбдімәжитұлы  «Астана» алаңындағы ашық аспан астындағы мұз айдындары мен «Мұз сарайы» жанындағы жаппай сырғанау алаңын араладым. Бүгіннен бастап «Астана» алаңындағы екі мұз айдынында және «Мұз сарайы» жанындағы алаңда қала тұрғындары мен қонақтары үшін жаппай сырғанау ұйымдастырылды.

Қаланың өсіп келе жатқан демографиялық және экономикалық әлеуетіне байланысты көлік саны жыл сайын артып отыр. Бұл өз кезегінде орталық көшелерде кептеліс туындатып, қозғалыс жылдамдығына әсер етеді. Осыған байланысты әкімдік жол инфрақұрылымын жаңғыртуға және көлік қатынасын жүйелі түрде ұйымдастыруға бағытталған кешенді жоспар әзірлеген.

Қазіргі таңда қалада бірнеше маңызды жобалар іске асырылып жатыр:

• Жаңа жолайрықтар салу – ірі көшелердің қиылысында көпдеңгейлі көлік айрықтары инфрақұрылымның өткізу қабілетін бірнеше есеге арттырмақ. Мұндай нысандар жүргізушілер үшін ыңғайлы әрі қауіпсіз қозғалыс режимін қалыптастырады.

• Негізгі магистральдарды кеңейту және қайта құру – қала көшелеріндегі көлік ағынын бөлу мақсатында жол жолағының саны арттырылып, заманауи инженерлік шешімдер енгізілуде.

• Аймақаралық байланыс жолдарын дамыту – қалаға кіреберіс және шығаберіс бағыттар жаңартылып, транзиттік көліктердің орталық көшелерге түсуін болдырмау тетіктері қарастырылған.

• Жаяу жүргіншілер мен қоғамдық көлік инфрақұрылымын жақсарту – аялдамалар жаңартылып, қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақтар көбейтілуде.

Шымкент қаласының әкімдігі жол инфрақұрылымын жаңғырту бағытындағы жұмыстарды кезең-кезеңімен жалғастыратынын, ал алдағы жылдары бірқатар жаңа транспорттық жобалардың іске қосылатынын мәлімдеді. Инфрақұрылымның дамуы қаланың экономикалық өсіміне, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға және көлік жүйесінің халықаралық стандарттарға сай жаңаруына ықпал етпек.

Жолдауды экономика саласында түсіндіру бойынша ведомствоаралық кеңейтілген жиын өтті
Шымкентте МӘМС аясында нейрохирургиялық операциялар саны артты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу